Досқа тілек

Oinet.kz 20-10-2019 3782

Өмір саған жылы сезім арнасын
Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әр қашан
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Тағы қандай айтам тілек
Тілейтінім жақсылық
Жақсы адамнан дос тілеймін
Жақсылардың жанын ұқ
Тілер едім ұлы сезім
Іздеп келді өзі де
Бол бақытты достым менің
Бақыт кілті өзіңде.

туған күн.jpg

Өмiрде DOSTYK жолы қиын дейдi. Досқа кiм жақсы тiлек тiлемейдi. Аңсаған арманыңа бақытпен жет. Осы ғой достың досқа тiлейтiнi. Арманың Алатаудай биiк болсын. Қиялың тұлпарыңдай жуйрiк болсын. Бакытың тау суындай таусылмасын. Өмiрде шын Махаббат сенде болсын.   Орындалсын арманың мен тiлегің. Әркашанда соға берсiн жүрегiң  Бақытты бол сүйгеніңмен қашанда. Осы менiң саған айтар тiлегiм.

Достар!

Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын! Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – ДОСТЫҚ  ҮШІН!

Құрбы-құрдас, достар
      Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
      - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді.
      Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады:
      - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын!
      - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
      Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы:
      - Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
      Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жолға тастамайтын қазақтың шын достығын тілеймін.

Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара-қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып:
       - Досым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті.
       - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, - депті ара.
       Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты.
       - Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз.
       Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп:
       - Не істеп жүрсің? – депті.
       Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
        «Жаң достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
        Міне, мына ескі достарың да қашанда сенің қуанышыңа ортақ.

Ата-әжеге құттықтау-тілектер
Ұстазға тілек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу