Құдаға тілек (туған күнге)

Oinet.kz 20-11-2019 31130

    Құрметті құда, құдағи!
Қадірменді тойшы қауым, ағайын!
Қадірлі, Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта, жақсы көңілмен бірге келе жатырмыз. Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген аға буынсыздар. Енді соның жемісін, бейнеттің зейнетін көрген деген осы. Бала-шаға өсіру, солардың қызығын көру – арманға жету, бақыт деген осы болар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге үлкен өнеге. Сіздерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз. Ұзақ жасаңыздар, бірге бола беріңіздер. Шөбере, шөпшек, немене, туажат көріңіздер.
Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Елдің батасын алған жан Алланың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Көппен көргеннің арманы жоқ. Үлкені бар үйдің құты бар. Қазақ құдасын құдайдай сыйлап, қастерлеген. Біздің қадірменді құда-жекжатымыз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз. Көргендеріңіз той болсын.

туған күн.jpg

60 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҚҰДАҒА ТІЛЕК

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
         Алысқа да, ағайынға да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Қазима құдағи құдай қосқан қосағының ел арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолының жемісті болуы үшін жүрек жылуын арнап келеді.
         Қадірлі құдамыздың мерейлі мүшел жасы құтты болып, бақ-дәулеті арта берсін!
         Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
         Қуаныштың кемерінен тасыңыз.
         Әрқашанда мықты болып денсаулық,
         Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.


ҚҰДАМ 50-ГЕ ТОЛҒАНДА

Құда елуге толғанда
Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.
 
Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас,
Талайлар менменсіген төсін көрген.
 
Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,
Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.
Құданың сыйластығы мың жылдық деп,
Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.
 
Армандар жетелейді тым алысқа,
Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.
Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,
Басымыз қосылсын тек қуанышқа.
 
Құдажан,
Азаматтың тарланы едің,
Ақмаңдай арулардың арманы едің.
О, құда, туған күнің құтты болсын,
Тойлайық құшағында туған елдің.

Той иесінің сөзі - құттықтау
Ғашығыма тілек (туған күнге)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу