Жігіт, азамат туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 22-11-2019 1388

Текті жігіт тек жүрер,

Текелес киік жай жүрер.


Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.


Есебін тапқан жігітке,

Ердің құны сөз емес. 


Жігіттің ауыры - шомбал,

Ағаштың ауыры - сомбал. 

Картинки по запросу мужчина

Жігітті жігерінен таны.


Жақсы жігіт он бесінде жас емес,

Жүзге келсе пәс емес. 


Жігітінде жігіт болмаған - 

Өмір есесінен құр қалған.


Атты арбада көр, 

Жігітті ордада көр. 


Нар малының жүні - жібек, сүті - бал, 

Нар жігіттің аймағы - ел, алды-мал.


Қыран бүркіт асырар елдің данқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын.


Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі,

Жау алатын жігіт серігінен белгілі.

Тіл туралы. Шығарма. Қазақ тілі - бай тіл
Сәбиге есім қою - құттықтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу