Өмірдің мәні неде? Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 5544

Өмір сүру таныс емес ұзақ жолға сапарға шыққанмен тен. Таныс емес жолдың ой-шұңқырынын қай тұста екенін білмегеніміз секілді өмірдің да тосын сыйлары қай тұстан келері белгісіз. Өмір ақ пен қарадан, қайғы мен қуаныштан, танысу мен айырылысудан тұрады. 

y_b56badbd.jpg

Ал осы өмірдің мәні неде? Бұл сұраққа әркім өзінше жауап береді. Бірі отбасы десе, бірі жақын жандарым  деп жауап берсе, бірі денсаулық дейді. Әрине әр жауап өзінше дұрыс. Ал кенеттен үлкен апат болып отбасын, жақын жандарын қаза тапса немесе денсаулығың нашарласа өмірінін мәні жоғала ма? Сенде бұл өмірмен қош айтысасың ба? Бізге жалғыз рет қана берілетін өмірді мәнді етіп өткізгеніміз дұрыс-ақ. Өмірдің мәні өзгеге қуаныш сыйлау арқылы өзінді қуанту. Өзгелер қиналғанда оларға көмектесіп, әркез қасында болу. Жақсылық жасап, әдемі көңіл-күйде жүру. Өмірде кез келген оқиға болады. Соның бәріне әркез дайын болып, шыдамды болған дұрыс-ақ. Мен өмірімді мәнді де қуанышты етіп өткізгім келеді. Ата-анама, бауырларым мен туысқандарыма, достарыма әркез көмектесіп жақсылық жасап оларды қуантып, көңілді жүремін. Алға қойған мақсаттарым мен армандарымды орындау үшін әркез алға қарай қадам басып, әрекет жасаймын. Мектепте апайдың үйге берген әр тапсырмасын толық орындап, сабағымды жақсы оқып, өмірде барлық дүниені жасауды үйреніп, оны өз қолдарыммен жасаймын. Бұл өзінше қызық. Өмірімізді мәнді етіп өткізу үшін әркез қозғалыста жүрейік. Мен өмірді шексіз жақсы көремін.

Ар-ұят туралы мақал-мәтелдер
Ана жайлы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу