Сыйластық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 7433

Сый қылсаң, сыпыра қыл.


Сый сатулы, қаза қарулы.


Сыйласқанның итіне кет дегенің,

Өзіне кет дегенің.


Ел сыйлаған есікте отырмас.


Таныған жерде бой сыйлы,

Танымаған жерде тон сыйлы.

Похожее изображение

Жақсыны сыйласаң, есіңнен кетпейді,

Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.


Сәлемнің де сәті бар.


Туғаныңмен сыйласпасаң,

Кең дүниеге сыймассың.


Атымды ата да, сыбағамды итке сал.


Сүйген құлдың аты көп.


Ине де - сыйлық,

Інген де - сыйлық.


Қиналып сұрағанға берсең,

Өзіңді сыйлағаның.

Әншейін сұрағанға берсең,

Өзіңді қорлағаның.


Сыпайы сөйлеу - сырбаздық,

Ағайын сәні - сыйластық.


Сиырға су көрсетпе,

Жаманға сый көрсетпе.

Шындық туралы мақал-мәтелдер
Тіршілік қалай пайда болды? (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу