Би, шешендік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 1426

Туғанына бұрғаны,

Биді Құдай ұрғаны.


Биі көп елді дау аралайды,

Дауы көп елді жау аралайды.


Әділ би халық үшін,

Залым би құлқын үшін.


Би болған адам ақырып бола ма?

Картинки по запросу life

Шын би сөзіне бағады,

Сұм би көзіне бағады.


Байлаусыз шешен берекесіз сөз айтады.


Екі тізгін, бір шылбыр.


Би жоқта құл жүреді жораға,

Ит жоқта шошқа үреді қорада.


Шеберді одақ үшін жаратқан,

Шешенді доғал үшін жаратқан.


Жүк ауса жазыдан,

Би ауса қазыдан.

Емдік өсімдіктер (реферат)
Динозаврлар тарихы (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу