Өлім туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 1773

Өлім - ұзақ жолдың алысы.


Өлімнен басқаның ертесі жоқ.


Өлі тілін тірі алмайды.


Өлім бардың малын шашады,

Жоқтың артын шашады.


Өлім жөнінде көп айтса,

Тірінің берекесі қашады.


Өлмеген өлі балыққа кездеседі.


Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.


Өлушінің ажалы жетпесе,

Өлтірушінің құрығы жетпейді.

өлім.jpeg

Ажал ажарыңа да, базарыңа да қарамайды.


Ажалды тышқанға аш мысық тап келер.


Тозбас соғылмайды,

Өлмес жаралмайды.


Батыр өлсе, аты қалады,

Үргелек өлсе, артында несі қалады?


Елшіге өлім жоқ.


Тіршілік тұтамдап таусылады.


Жұрт өлгенде келмейді,

Артында қалғанға келеді.


Көресіңді көрмей көрге кірмейсің.


Азын ашпай жарлы өлер,

Көбін ашпай бай өлер

Ұстаз туралы шығарма
Ажал туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу