Ажал туралы мақал-мәтелдер
Ажалды киіктің аяғы тыным таппас.
Ажалды киік адырға қашар.
Қырық жыл қырғын келсе де,
Ажалды өледі.
Айдалаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
Екі ауру бір келсе - ажалыңның жеткені.

Сен дүние, молға сұқтанасың,
Ажал саған сұқтанады.
Ажалда жаңылыс жоқ.
Ажал ақымақ үшін алтау,
ақылдыға біреу.
Ажал біреуді азаптан құтқарады,
Біреуді қыршынынан қияды.
Ажал деген - атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.


