Қасқыр туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 6210

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.


Қасқыр айдағанға көнбес,

Шошқа байлағанға көнбес.


Қасқырдың ойлағаны - арамдық,

Қойдың ойлағаны - амандық.


Қасқыр да қастық қылмайды жолдасына.

Картинки по запросу қасқыр

Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да,

Тоғайға қарап ұлуын қоймайды.


Кедей мен бай жолдас болмас,

Қасқыр мен қой жолдас болмас.


Қасқыр ұлып ұяласын  шақырады.


Қасқырлар ұлысып табысады.


Қасқырдың жылағаны 

Құдайдың құлағына жетпейді.

Бөрі туралы мақал-мәтелдер
Түлкі туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу