Жанұя туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 9279

Жалғандағы ең ыстық мекен – жанұя. Әр адам алғаш дүние келген сәттен бастап жанұяда тұрақтайды. Осында өмірмен танысады. Алғашқы араласатын ортасы да жанұясы болмақ. Адамның өмірінде отбасының алар орны маңызды. Алғаш тілі шығып, тәй-тәй жүре бастаған сәттен жанүядағы мейірім мен бауырмашылдықты көріп, өседі.

semya-schaste.jpg

Отбасы мүшелерінің жарасымдылығы, сыйластығы әлемдегі ең қымбат сезімдер. Өміріміздегі орын алатын барша ғажап естеліктер де жанұямызбен тікелей байланысты. Дүниеге келген сәтімізден отбасымыз қасымыздан табылып, әркез қолдап, қиын мәселелерді шешуде сөзбен де іспен де көмектесіп тұрады. Бұл жанұя мүшелерінің бір-біріне деген шексіз мейірі мен махаббаты.

Жанұяның басты міндеті қоғамға пайдасы тиетін, елің сүйетін, әлемге жақсылық жасайтын азаматты тәрбиелеп шығару. Тәрбиенің бәрі отбасыдан басталды. Бала отбасыда не көрсе өскенде өз балаларына соны үйретеді. Ата-ана мен жанұя мүшелері жас нәрестені үйге келген сәттен бастап өзінің қамқорлығы мен мейіріміне бөлеп, оған әлемдегі сұлулықты, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуді,  күн тәртібі мен дұрыс тамақтану жолдарын, барлық жағдайда әділетті де адал болу сынды адами қасиеттерді үйретеді.

Отбасы құндылығы қашанда маңызды. Жанұядағы адамдар арасындағы бауырмашылдықты сақтап, әркез дәстүрлі мерекелер мен туған күнді бірге дастархан басында тойлап, бір-біріне ізгі тілектерін айтып , бұрынғы ескі естеліктерді еске алып, әңгімелескен сәттерді әлемдегі сұлулықпен айырбастамас едік. Отбасы берекесі – дастарханында. Дастархан басы отбасы мүшелерінің толығымен жиналатын орын. Бұл кезде барлық әңгіме айтылады. Келешекке құрылған жоспарлар мен оларға жету іс-әрекеттері де барлығы осы дастархан басында талқыланады. Бастысы, дастарханамыз тек жақсылыққа жайылсын.


Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі (реферат)
Қазақ тележурналистикасының теориялық және тәжірибелік мәселелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу