Жылқы туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2881

Ер қанаты – ат. Қазақ халқы қашанда жылқыны қадірлеген. Көшпенді халық үшін ең пайдылы жануар жылқы болған. Ұзақ сапарға жолға шығарда сенімді көлігі, шөлдегенде қымызы, жесе еті өте құнарлы жануар. Көшпенді халық үшін бұл тиімді.

586964.jpg

Жылқы өте ақылды жануар. Адамның айтқан сөзі мен іс-әрекетін түсінеді. Жылқы иесі – Қамбар ата. Қазақ халқы жылқыны ерте бастан қолға үйреткен. Жылқы жайлы көп жыр-дастандар, әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер өте көп. Батырлар жырында жылқы батырдың сенімді серігі, досы бола білген. Әр батырдың жылқысының есімі ерекше. Қобыланды батырдың аты – Тойбұрыл болса, Алпамыс батырдың аты Шұбар болған.

Көнеде қазақ халқы үйір-үйір жылқыларын асырап, бағу үшін арнайы жылқышы тағайындап, жылқыларын көзінің қарасындай қорғаған. Үйір жылқылары арқылы ол кісінің бай-бағлан екенің білген.

Жылқыны өсуіне қарай құлын, жабағы, тай, дөнен, бестік етіп бөліп қарайды. Мен жақсы көріп, ойнайтын ұлттық ойын Көкпардың өзіде жылқы жануары арқылы ойналады. Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаға балап, оған жыл қайыруында жетінші орын берген. Мен жылқыны қатты жақсы көремін.


Ит туралы шығарма
Республика күні. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу