Өнерлі өрге жүзеді. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 26143

Өмір ұзақ жолмен тең. Бірде түзу, бірде шырғалаң-бұралаң. Жақсы өмір сүре білу – өнердің биігі. Өнер адамның өмірімен қатарласа алға қарай жүреді. Өнерлі адамның өмірі әркезде де жарқын.

0a3b18893a81582ebf7f08a27845e534_resize_w_520_h_.jpg

Өнер – адамның қолымен жасаған дүниелері. Адамның көз қарасы қалыптасқан сайын оның өнерге деген бағасы да артады. Өнердің сан қилы түрлері бар. Қолмен жасаған тың дүниелермен қоса сөз арқылы жасалынатын өнердің түрлері көп.

Өнердің адам өмірінде алатын орны басым. Өмір өнермен өрнектелген. Өнерлі адамның өмірі қуаныш пен қызыққа тола. Адамның қолынан шыққан әр туынды өзінше өнер. Мәселен, материалдық өнерге  тоқталайыық. Сонау көне заманнан бері өнер мың құбылып келе жатыр. Бұрынғы адамдар тастан қашап заттар жасап, тасқа өз бейнелерін қалдырып отырған. Уақыт өте өнер өз арнасына түсіп қарқынды даму үстінде.

Қазіргі таңда өнердің қырлары көп. Олар сөз өнері болсын, іс өнері болсын қашанда құнды. Біздің қолданып жатқан барлық дүниеміз өнердің бір саласы. Киіп жүрген киіміміз сән өнері болса, айтып жатқан әніміз сөз өнері. Қандай өнер болмасын әркезде де халыққа өзіндік пайдасын тигізері анық.

Көркем мінез туралы шығарма
Отан туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу