Қазақ әліпбиі. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1774

Әліпби – әріптер жиынтығы. Бізді қазақ әліпбиін қолданамыз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап апайымыз бізге әріп жазуды үйретті. Ең алғаш «Аа» әрпін жаздым. Сол кезде дұрыс емес жазамын ба деп қатты қорықтым. Апайымыз үйге күнде сабақта үйреткен әріптерді жазып келуді тапсырма қылып береді. Біз сол әріптерді үйде жазу дәптеріне көшіріп келеміз.

1335088551_alphavit.jpg

Қазақ әліпбиінің тарихы қандай? Әуелгіде, біз араб графикасына негізделген әліпбиді қолдансақ, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді пайдаландық. Кейін 1940 жылдан бастап қазірге дейін кирилл әліпбиін қолданып жатырмыз. Апайымыз бізге бұл әліпбидегі барша әріптерді үйретті.

Қазақ кирилл әліпбиі 42 әріптен құралған. Олар 33 орыс әліпбиінің әріптері болса, 9 өзіндік қазақша әріптер: Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І.

Біз осы әріптер арқылы қазақ жазушыларының құнды шығармаларын оқып біле аламыз.

Тәртіп туралы шығарма
Тазалық – денсаулық кепілі. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу