Тазалық – денсаулық кепілі. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 54531

Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркезде де таза жүрсек болғаны.

Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Апайымыз бізге әрқашанда тазалық денсаулықтың жақын досы деп айтып отырады.

Тазалық.jpg

Адамның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесіде таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, жан дүниеннің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығын мен мейірімділігін, өтірік айтпайтын шыншылдығын, өзгеге көмектесетін жанашырлығын жатады.

Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүрейік.

Қазақ әліпбиі. Шығарма
Әлеуметтік желінің зияны жайлы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу