Есірткенің зияны. Шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 2870

Денсаулық – адамға берілген аманат. Аманатқа қиянат жасамау әрбіріміздің басты парызымыз. Өміріміздің басты мәні де денсаулық. Дені сау адамның өмірге, келешегіне деген көзқарасы да жарқын болары сөзсіз. Әркезде де дені сау адамның көңіл-күйі мен тыныс-тіршілігі өзгелерден бөлек болары анық.

1550604179_narkota.jpg

Өмір - адамға жалғыз рет қана берілетін шексіз нығмет. Бұл өмірді мәнді етіп өткізу әр адамның өз қолында. Әркезде де адамның алдында екі жол тұрады. Бірі жақсылыққа жетелесе, бірі өмірің құрдымға итермелеп жатады. Таңдау кілті адамның қолында. Адам өміріне қауәп төндіретін дүниелер өте көп. Соғыс, экология, ашаршылық және денсаулыққа зиян улы заттар. Ал осы денсаулыққа зиянды улы заттарды адам өзі таңдап алады. Зиянды заттарға есірткі, ішімдік, темекі секілді адам ағзасына улы заттар жатады.

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиядық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігін ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана жатады. Барлығы да адам  ағзасы мен психикасының бұзылуына тікелей әсер етеді. Санасы уланған адамның мінез-құлқы өзгеріп, айналадағы адамдарға әдеттен тыс мінез көрсетіп, өмірі ақырындап өзгере бастайды.

Есірткені білімсіздік пен қызығушылықтан бастауы мүмкін. Немесе араласатын ортасы мен жанындағы достарының қысымы да әсер етеді. Бастапқыда қызық көрінген дүние сенің өмірінді түбегейлі құртып жіберуі бек мүмкін. Сол себепті де біздің мектепте есіртке мен улы заттардың зияндыдығы жайлы ұстаздарымыз көп айтады. Өміріміз өз қолымызда болғандықтан дұрыс таңдау жасауда қателеспейік.

Үш би. Шығарма
Қазақстанның әсем жерлері туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу