Табиғатқа қатысты ырым-тыйымдар

Oinet.kz 11-08-2020 1338

Біздің ата - бабаларымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен табиғат тылсыман бақылай отырып, оларды өз өмірлерімен байланыстырып отырды. Олар уақытты айқындап, әр күннің, әр жылдың ерекшеліктерін терең білді. Жан - жануарлардың іс - әрекеттеріне, айға, жұлдыздарға қарап ауа райын болжады. Осылай көптеген ырымдар пайда болды.
Отпен ойнама тыйым
Салып шектеуге, ырымдар бар көптеген.
Соның бірі - ойнамау, жанып жатқан отпенен,
Тамыздықты кеппеген, үрлеп жандыр еппенен.
Өміріңді өшірмес, киелі ғой от деген.
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
• Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
• Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
• Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
• Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
• Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.
• Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру-сырқау жоламайды.
• Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе ауруынан айығады.
• Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
• Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
• Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
• Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
• Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.
• Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
• Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.
• Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
• Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады.
• Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл – өлім - жетім шақыратын жаман ырым.
• Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адам «Менің жұлдызым жоғары» дейді.
• Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.

Тиым сөздер туралы
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу