Шығарма: Парасатты адам

Oinet.kz 28-08-2020 3354

Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет. Дәстүрлі қазақ қоғамында бұл қасиет адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланатыны белгілі. Ақыл жастан байқалады. Биологиялық жасы қаншада болса да, көш басында парасатын танытып жүретін жандар бар. Парасат майданында жеңімпаз тұғырынан көріну жас талғамайды. Интелектуалдық байқауларда, немесе ұжымдық қатынаста өресі өрге озған адамдар көп. 

image.png

2009-жылы Пəкістанда талибтер елдің солтүстік Сват аймағына өз ықпалдары мен билігін жүргізіп, сол өлкедегі елді бақылауда ұстап, өз заңдылықтарын орната бастаған. Діни радикал күштер елде мектептерді жауып, əсіресе қыз балалардың оқуына тыйым салады. Сол кезде Малала небəрі 11 жаста ғана еді. Ол ата-анасымен бірге сол аймақтың Менгура қаласында тұрған. Малала оқыған мектепті күштеп жауып тастағандықтан, сабаққа бармайтын болып қалады. Ал оның бар арманы тек қана оқу болатын. Білімге құштарлық оны күреске шығуына əкеледі. Оған журналист Абдулхай Кахар BBC-ға жасырын атпен талибтердің зорлық-зомбылығы туралы жазып тұруын үйретеді. Блогер Малаланың мақаласы ағылшын тілінде аударылып, əлемді шулатады. Малала əлемдік ақпарат өкілдеріне сұқпат береді. Ол өз күресін тоқтатпайды жəне қорықпай жалғастырады. Ақыры күрескерге қастандық жасалады. Оның басының мойын тұсына оқ тиеді. Бірақ, құдіреттің күшімен ол аман қалады. Ұлыбританияда ота жасалып, емделіп шығады. Оның еңбегін əлем жұрты мойындайды. Жап-жас Малала Юсуфзай » Қолымызға кітап пен қалам алайықшы. Міне бұл екеуі біздің ең күшті қаруымыз. Бір ғана бала, бір ғана оқытушы, бір ғана кітап пен қалам біздің өмірімізді өзгертуші. Адамзат үшін ең маңызды дүние білім. Біз үшін білім бірінші кезекте тұруы қажет. Білім адам қолындағы ең басты құралы болып табылады» деп аяқтайды сөзін.

2014 жылы Малала Юсуфзай 17 жасында Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болды, кейін БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі атанды.

Шығарма: Әсемдікке ұмтылайық
САБАҚ ЖОСПАРЫ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 10 СЫНЫП, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу