Ашық сабақ. Білім беру саясаты. Шетел тәжірибесі

Oinet.kz 02-10-2019 1451

Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз

нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Қазақстан Республикасының білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінде білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, са­палы білім беруге тең қол жеткізу, педагог кәсібінің беделін көтеру және сапалық құрамын жақсарту мәселелері нақты айқындалған. Осы нәтижеге қол жеткізуде мұғалімнің күрделі және сан қырлы іс-әрекетінің жиынтығын құрайтын маңыз­ды кәсіби дағдыларының бірі – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру қажет деп санаймыз.

   Жапон тілінен Lesson study-ді тікелей аударғанда – «jugyokenkyu» деп аталады, мұнда «jugyou» деген сабақты білдіреді, «kenkyu» деген де сабақ мәнін бергенмен көбінесе «зерттеу» ретінде қолданылады, ол осы ұғымды көбірек ашады. Бұл зерттеу немесе сабақты бірлесіп жоспарлау арқылы педагогикалық практиканы зерделеу, қадағалау, талқылау және талдау, алынған идеялар практикада жұмыс істеуде және олар соншалықты тиімді.

 Зерттеудің осы түрінің маңызды құрамдауышы табысты практиктердің нәтижелерін көрсету және тарату болып табылады (Фернандес пен Ешида, 2004). 90-жылдардың аяғында АҚШ зерттеушілері мұғалім практикасын жетілдірудің тиімді моделі ретінде осы тәсілге қызығушылық танытты.

  Жапонияның білім беру саясаты саласындағы Ұлттық зерттеулер институтының сарапшысы Тошиа Чичибу жүргізген Сабақты зерттеу

бойынша алғашқы семинарлар туралы еске түсірсек, онда ол өзінің есебінде былай деп көрсеткенін атап өту қажет: «Қазақстанда мұғалімді бағалауға

және сынауға байланысты өздерінде теріс пікірлер тудыратын кеңестік

сабақ беру тәжірибесіне қатысты ашық сабақтарды Сабақты зерттеу тәсілімен салыстырады». Чичибу мұны мұғалімдердің өз практикасын зерттеуге және оны одан әрі жақсартуға алып баратын жолдағы негізгі

кедергілердің бірі деп көреді. «Қалауының немесе қажеттілігінің болмауы не мұғалім кәсібилігінің, не мектептегі авторитарлық басқарудың төмен екендігі туралы рефлексиялауды айтады» деп жалғастырады ол.      Мұғалімге өз сабағына талдау жүргізу үшін көмек және сабақты зерттеуге көмектесетін әріптестерінің қолдауы қажет. Бірлесіп дамыту және соның салдарынан кәсіби ұқсастықты

арттыру мектептердің адам әлеуетіне осындай түрдегі үлесінің болмай қоймайтын нәтижесіне алып келеді.

    Қазіргі бар ортақ мақсат педагог практикасын жетілдіру, Іс-әрекеттегі зерттеу мен Сабақты зерттеу жобалары, қисынды түрде және кейбірінде, мұғалімдердің өздерінің бастамасы бойынша ықпалдастыруға және бір-бірін өзара толықтыруға арналған айқын бағыты бар. Мектептердің басым бөлігінде мұғалімдердің ең үлкен қалауы. Іс-әрекеттегі зерттеу мен Сабақты зерттеу бойынша зерттеулердің оқып-үйретілген стратегияларына әлеуетті арттыру үшін алынған білімдерімен бөлісу екені белгілі

     Егер Сіз педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіз, күнделікті сабақ беру бірқалыпты жалықтырғыш міндетке айналмасын десеңіз, әр мұғалімді табысты зерттеуге жетелеңіз. (В.А.Сухомлинский)

   Білім беру мазмұны мен жүйесін жаңартуда мұғалімдердің зерттеушілік мәде­ниетін дамыту ең өзекті сұрақ ретінде алдыңғы орында тұр.     Педагогикалық зерт­теуді жүргізу – білім беру тиімділігін арттырудың кешенді негізі ретінде қарасты­рылуда.

   Мұғалім қызметіндегі елеулі рөл атқаратын, оның инновациялық іс-әрекетімен тығыз байланысты педагогикалық шеберлігінің бір саласы зерттеушілік мәдени­ет болып табылады.

   Зерттеушілік мәдениет – педагогикалық қызметтің әмбебап маңыздылығын құру мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ететін кәсіби сапа.

 «Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті» дегеніміз не?

                        Инновациялық іс-әрекеттерде мұғалімнің өзіндік шығармашылығы мен тиімді әдістемені қолдана білу шеберлігі.

                        Мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен педагогикалық міндеттерді шешуде жетілген деңгейде әдіс-тәсілдерді меңгеруі.

                        Мұғалімнің кәсіби білімі, ойлау деңгейі мен шығармашылық қабілеттері.

                        Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы, шығармашылық тұрғыдан өзінің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін жаңа білім мен іскерлікті игеру деңгейі.

                        Әрдайым ізденісте болу: мұндай мұғалім педагогикалық шеберліктің, кәсіпқойлықтың жоғары деңгейіне тезірек жетеді.

 Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру:

                        Өзінің педагогикалық шеберлігін саналы арттыру;

                        Өзінің іс-әрекет нәтижелерін және жетекші идеяларды анықтау, талдау, сыни бағалау;

                        Озық тәжірибе және психология-педагогика ғылымының ұсыныстарын өз тәжірибесінде қолдану;

                        Зерттеу тақырыбын таңдай алу және дәлелдеу;

                        Зерттеу тақырыбын түсіну үшін тиісті қажетті әдебиетті таңдау, осы мәсе­леге байланысты өзінің тәжірибесін әдебиетте берілген материалдармен са­лыстыру;

                        Зерттеудің әдістерін және құралдарын болжау;

                        Зерттеудің кезеңдерін және міндеттерін, болжамын, мақсатын, пәнін, объек­тісін анықтау және дәлелдеу;

                        Зерттеудің тиісті әдістемелерін табу және қолдану;

                        Алынған нәтижелерді әдеби дайындау және көркемдеу, жинақтау;

Зерттеудің қорытындысы бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау және олардың негізінде шешім қабылдау;

 Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия жасау.

Зерттеу кезеңдерін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

                        I кезең. Зерттеу жұмысына бейімді балалар анықталады. Зерт­теуде мұғалім жетекшілік етеді. Мұғалім мен оқушы өзара қарым-қатынаста бірлесіп зерттейді.

                        II кезең. Зерттеу тақырыбы мен мақсаттары анықталады және міндеттер белгіленеді. Бұл кезеңде мұғалім кеңесші рөлін атқарады. Мұғалім мен оқушы рөлдері тең дәрежеде болады.

                        III кезең. Жұмысты орындау. Мұғалімнің кеңесші рөлі жалғасады. Оқушы мейлінше өздігінен зерттеу жұмысын жүргізеді.

                        IV кезең. Қорғау (іс-әрекетті талдау). Бұл кезеңде мұғалім мен оқушы(лар) тең құқықты серіктес болады.

Зерттеу жүргізуде кездесетін қиындықтар

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда міндетті шарт мұғалімнің үстемдік рөлін жою болып табылады. Мұғалім үшін ең қиын әрекет – кеңесші болу­ды үйрену. Ақпаратты еске түсіруде мұғалім тосылып немесе жауап бермей қалма­уы керек. Ал кеңес беру кезінде оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарына ғана жауап беру маңызды.

Зерттеу жүргізуде мұғалімнің нені ескеруі қажет талаптар:

                        Оқушыға жағымды қарым-қатынас орнату;

                        Оқушылардың жеке тұлғасына құрмет көрсету және мінез-құлқы мен қа­білеттеріне үнемі қолдау көрсету;

                        Әр баланың басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктерін ескеру және мой­ындау;

                        Оқушыларға таңдау жасауға ерік құқығын беру;

                        Оқушының жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалау;

                        Жоспарлау мен оқытуда, қарым-қатынаста оқушылардың жеке психологи­ялық ерекшеліктерін ескеру.

   Аталған талаптар мұғалімнің зерттеу жүргізу үдерісінде оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға қатысты жаңа тәсілдемені анықтауға, оқуға кедергі келтіретін кездейсоқ жанама мәселелерді ретімен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Мұғалімнің зерттеуі қандай негізгі кезеңдерді қамтиды?

                        Зерттеуді қажет ететін проблеманың себебін тұжырымдайды және оның өзектілігін негіздейді;

                        Зерттелетін проблеманың нақты мақсаты мен міндеттерін анықтайды;

                        Зерттеу қалай, кімдермен, неліктен жүргізілетінін белгілейді;

                        Зерттеуде қандай әдіс-тәсілдер қолдану тиімді болатынын таңдайды;

                        Зерттеу үдерісінің жоспары мен мазмұнын құрылымдайды;

                        Зерттеу жүргізеді;

                        Зерттеудің нәтижелерін талдау жасайды және келесі қадамдарды болжайды;

                        Алынған нәтижелерді бағалайды және қорытынды тұжырым жасайды.

Зерттеу кезеңдерін тиімді жүзеге асыру үшін мұғалім ұжымдағы басқа әріптестерімен де бірлесіп жұмыс жасау тиімді екені тәжірибе барысында анықталады.

                        Мұғалімдердің бірлескен жоспарлау және зерттеу дағдысын дамыту мақсатын­да зерттеу тобы құрылады. Зерттеу жұмысы келесідей қадамдармен жүреді.

                        Осы мақсатта мен зерттеу тобын мына мұғалімдермен құрдым. Картеева Л (орыс тілі-2-деңгей мұғалімі), Батырбекова А (қазақ тілі-мектеп тренері), Керімбекова Г (математик). Мырзабекова М (математик) Керімбаева Ж (биолог), Есалы Ә (бастауыш сынып).

 Мұғалімдерге «Lesson Study» зерттеу тәсілі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өйткені мұғалімдердің көбісі деңгейлік курсты оқымаған еді. Зерттеу нысаны ретінде сынып таңдалды. Оқыту мен оқудағы қиындықтар анықталып, шешудің түрлі тәсілдері қарастырылды.  Зерттеу тақырыбы нақтыланды.  «Барлық оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда топтық жұмыстың тиімділігін қалай арттыруға бола­ды?»  және А,В,С деңгейіндегі оқушылар таңдалды.  А деңгейдегі оқушылар- Қораш Ұлжан, Қосыбай Әйгерім, В деңгейдегі- оқушылар Ерман Аяжан, Жәнібек Бақтияр,

С деңгейіндегі оқушылар -Шайырбек Еркебұлан,Бескемпір Диас таңдап алынды.

                              «Есіркеп батыр атындағы ЖОМ» мектепте

өтілетін  «Lesson Study» үдерісіне тартылған

мұғалімдермен өткізілген  кәсіби сұхбаттың

мәліметі

     15.04.2019 жылы «Lesson Study» үдерісіне тартылған   мұғалімдермен өткізілген кәсіби сұхбатта 7-сыныппен жұмыс істеуге негізгі ыңғали сабақты алып, жоспар құру туралы пікірлер айтылды. «Lesson Study»  бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер: Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады. Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды   Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.    Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық  Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес. Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады. Lesson Study-ді талқылайды.  Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді». Осы айтылған мәліметтермен сұхбат барысында таныстырылып талқыланды.Талқылану барысында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер осы 7-сынып оқушыларын кезең бойынша бақыланылатын оқушыларды сараптады.7-сыныпқа сабақты өту математика пәні мұғалімі Құралбаева А- мен бірге сабаққа жоспар құрып бірге зерттеу жасайтындарын айтты.

     “Lesson Study“ үдерісін жүргізетін сыныптың сынып жетекшісімен, ата-аналар комитетінің төрайымымен пікірлесу жөнінде мәлімет.

  «Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің деңгейлік курстарды бітірген пән мұғалімдері,  7-сынып жетекшісі Ізтілеуова М, ата-аналар комитетінің төрайымы  Г.Бекжанмен бірлесе отырып “ Lesson Study “ үдерісін жүргізу үшін 13.04.2019ж. пікірлестік.   Алдымен “ Lesson Study “үдерісі жайлы 2-деңгейді бітірген пән мұғалімі Картеева Ләйлә хабарлама жасады. Ол оны не үшін жүргізу қажет екендігіне қысқаша тоқталып, оның кезеңдері жайлы түсініктеме берді.    Сынып жетекшіден сыныптағы оқушылар жайлы толық ақпарат алып зерттеуге алынатын оқушылар туралы  әңгімелестік. Сыныптағы оқушыларды үлгерімі бойынша үш деңгейге бөлген соң басты назарда болатын оқушыларды анықтап алдық. Таңдалған оқушыларға зерттеуші мұғалімдер бөлінді. Әр оқушыға бір мұғалімнен. Ата-аналар комитетінің төрайымы  Г.Бекжанға  назарда болатын оқушылардың ата-анасымен сөйлесу,қысқаша неге олардың балаларын таңдағанымызды түсіндіруін өтіндік. Өйткені ата-ана рұқсаты міндетті екенін жақсы білеміз. Сол себепті  “ Lesson Study “ үдерісін жүргізу үшін ата-аналар комитетінің төрайымын тарттық. Зерттелетін сыныпқа нақты пән таңдалды, ол математика пәні арқылы жүргізілетіні ортақ шешіммен қабылданды. Ендігі кезекте 7-сыныпқа сабақ беретін математика пән мұғалімі Құралбаева Аида апайымыз арқылы  осы оқушыларды назарда ұстау -зерттеу тобының мақсаты.Сынып жетекші, ата-аналар комитетінің төрайымы үнемі зерттеу тобының басшысы  А.Құралбаевамен тығыз байланыста болды. Әр кезеңнен соң өзгерістер жайында пікірлесіп отырды. Осы орайда әсіресе сынып жетекшінің рөлі зор және жауапкершілігі көп екендігі өзіне нақтылап түсіндірілді. Сынып жетекші  ретінде  Мөлдір апай оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер жайлы  ақпараттарды толық жеткізді. Өйткені сынып жетекші әрбір оқушысы жайлы, отбасындағы ахуал жайлы мәліметтерді толық біледі және өзгерістерді назарда ұстап отырады. Міне осыдан соң ғана зерттеу тобы өзінің алға қойған мақсатын жүзеге асыра алады.

   “Lesson Study“ үдерісі өтетін пән мұғалімімен зерттеуші мұғалімдердің бірлесе отырып 7-сыныптағы “Lesson Study“ үдерісін жүргізу  проблемасын анықтау  жөнінде мәлімет.

  “Lesson Study“ үдерісі өтетін пән мұғалімімен зерттеуші мұғалімдердің бірлесе отырып 7-сыныптағы “ Lesson Study “ үдерісін жүргізу  проблемасын анықтау  үшін мектепте 15.04.2019ж  отырыс өтілді.

   “Lesson Study “ үдерісін жүргізу  үшін зерттелуге 7-сыныпты таңдаудағы негізгі себеп неде? Зерттеуші топ мүшелері неге 7-сыныпты таңдағанының себебін білім сапасының төмендігінен емес, сыныптағы тең жарты оқушысының сабақты тастағаны себебінен екенін түсіндіріп айтып өтті.  Өтпелі жасөспірімдік кезеңнің әсерінен оқушылардың сабақты мүлдем тастап қою әсерін жою мақсатында осындай зерттеу сабақтарының жақсы нәтиже берері сөзсіз. Сыныпта алға ілгерілеуге шамасы мен мүмкіндігі бар оқушылар аталып солармен жұмыс жасалу қажеттілігі анықталды. Мұндай оқушы қатары-11.

   7-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері әрқайсы өз пәні бойынша оқушыларға қатысты сөйлеп ақпараттарды ортаға жинақтады. Сыныптағы  А,В,С деңгейдегі оқушылар топқа біріктірілді. Әр топтың жетекші оқушысы арқылы зерттеу топ жұмыс жүргізді. Белгіленген пән арқылы оқушылардың бойындағы өзгерістерді көру, байқау тізбектелген сабақтар өткізу математика пән мұғалімі А.Құралбаеваның көмегімен жүзеге асады. Зерттеу тобы,сынып жетекші, бейінді және оқу ісі меңгерушісі барлығы да осы үдеріске жауапкершілікпен қарап сынып проблемасын шешуге ат салысу керек. Тіпті қажет жағдайларда мектеп психологы да тартылып көмек көрсетуде. Топ мүшелері әркез психологтан кеңес алып отырады. Сыныпта бойында,мінез –құлқында өзгеріс байқалған оқушылар туралы пікірлерді ортаға салып отырамыз. Егер ата-ана тарапынан қандай да бір көмек немесе бір жағдайлар туындап жатса оны да ортаға саламыз, пікірлесеміз, шешуге тырысамыз. Ең бастысы бірлесе отырып жұмыс жасау керек. Сонда ғана біздер өз мақсатымызға жетеміз,мектептің проблемасын да шешуге үлес қосамыз. Ең бастысы білімді ұрпақ тәрбиелеп еліміздің болашақ патриоттарын өсіру.

    Бірлескен жоспарлау: тренер Батырбекова Айгүл және мұғалімдер Құралбаева Аида, Картеева Ләйлә, Керімбекова Гүлзат  болып

 ҚМЖ-1жасадық.  Сабақты өткіздік, оқушы үнін тыңдадық. Сабақ талданды. Сабақты талдау барысында осы сабақтағы жетістіктер ескеріледі. Ал жіберілген  кемшіліктерді саралай келе оны жоюды мақсат ете отырып келесі сабақты жоспарлаймыз.

         Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу.

  Сабақты зерттеу тобының мүшелері таңдап алған оқушылардан сұхбат алып, оны сұхбат парақтарына жазып алды. Оқушыларға олардың пікірі сабаққа өзгерістер енгізуүшін қажет екендігі және де олардың құпия болатындығы туралы айтылды.

   «Оқушы үнін ескеру» деген асқақ идея бұл! Өйткені оқушылар ғой білетін сабақтың қалай өту керектігін, қандай сабақтың тиімді болатындығын, не және қалай оқу керектігін, өйткені тұтынушы солар ғой, біз емес! Біз оқушының білім алу, оқу мен үйрену барысындағы мұң-мұқтажын, қалауы мен тапсырысын, мүддесін білуіміз керек, оқыту мен үйретуді соларға бейімдеуіміз керек! Оқушыдан сабаққа дейін және кейін сұхбат алудың осындай асқақ мақсаты бар.

                                         Оқушыдан сұхбат алу парағы.

Аты-жөні:

• Сабақ ұнады ма? Неліктен?

• Сабақтың қай жерлері ұнады?

• Сабақ тақырыбының сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

• Сабақтың ең қиын болған жерлері қандай болды?

• Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады

деп ойлайсыз ба? Неліктен?

• Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?

• Осы тақырып (мәселе) бойынша қандай ақпарат көздерін

қарастырасыз?

• Бұл проблеманы шешуде сіздің үлесіңіз қандай болды деп

есептейсіз?

• Топта қандай әрекеттер атқардыңыз?

• Топтық жұмыстағы тиімді әрекеттерді атап беріңізші.

• Топта бір-біріңізді тыңдадыңыздар ма?

• Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?

• Топта сізге ең көп көмектескен кім болды? Қалай көмектесті?

• Сіз топта кімге көмек көрсеттіңіз? Қалай?

• Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?

• Өзіңізге қанша қояр едіңіз?

• Топтық жұмысқа қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

• Сабаққа қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

  Оқушылардың білім деңгейінің  жақсы жағына өзгерту мақсатында 3 зерттеу тізбектелген сабақтар өтілді. Зерттеуші мұғалімдер өтілген сабақтағы әр деңгейдегі өздеріне белгіленген  оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін бақылады.


                С деңгейдегі оқушы Бескемпір Диасты бақылаған мұғалім Мырзабекованың пікірі:

-талпынысты байқадым;

-жан-жағына мән бере бастады;

-зейіні тұрақталды;

-сыныптастарына сабақ барысында сұрақтар қойды;

-тренингтерге белсене қатысты;(«табыс қоржыны», «шаттық шеңбері»)

 -жеңіл сұрақтарға жауап берді.

  В деңгейдегі оқушы Жәнібек Бақтиярды бақылаған Керімбекова Гүлзаттың пікірі:

- топпен жұмыста белсенділігі артты;

-озат оқушылармен бәсекеге  түсе бастады;

-сұрақтарға нақты жауа беріп отырды;

-топ мүшелерінің пікірлерін толықтырып отырды;

-жеке жұмыс орындағанда шапшаңдығы артты.

 А деңгейдегі оқушылардың бақылаушысы Батырбекованың пікірі: бұл оқушылардың белсенділігі өте жоғары екендігін айтып,олардың математика пәні бойынша шығармашылық қабілеттерінің ерекшелігін байқағанын айтты.

  Оқушылардың сабақ барысында берілген фигуралар бойынша есеп құрастырғанда логикалық ойлау қабілетінің шапшаңдығына ерекше тоқталды.  Мұғалімдер оқушыларды бақылаудың мынандай кестесін құрастырып алды:

                              Оқушының сабақтағы жұмысын бақылау парағы

Аты-жөні

 

Бақылау

ұзақтығы

Басқа

пікірлермен

санасуы

 

 

Өзіндік

пікірлер

келтіруі

Сұрақтар

қоюы

 

Сұрақтарға

жауап беруі

 

Топтағы

рөлін

орындауы

 

Оқушының

жұмысы

бойынша

мұғалімнің

қорытынды пікірі







                 8) Оқушылардан сабақтан кейін алынған сұхбат.

   Сабақ қалай өтті? Ұнады ма?

Ең қызық/ұтымды жерлері қандай болды?

Сабақта үйренген 3 маңызды нәрсені атаңыз.

Үйренгенді келесі сабақта қалай қолдана аламын деп ойлайсыз?

Не қиын болды?

Топ жұмысына қандай баға бересіз?

Топ жұмысы тиімді болды ма?

Мақсаттарыңызға жеттіңіз бе

Сабақ аяқталысымен іле-шала  сабақты зерттеу тобының бақылаушы мұғалімдері өз оқушыларынан осылайша сұхбат алып отырды.

 

 

                                  

Қазақстан республикасы

Түркістан облысы

Бәйдібек ауданы

«Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

 

 

 

Математика пәнінде

оқушылардың шығармашылығын

арттырудағы зерттеу сабағының тиімділігі

 


Баяндамашы:  Құралбаева Аида

  

2018-2019 оқу жыл

Жоспар

Кіріспе.

Зерттеу сабақтарының оқушылардың танымдық ойлау,өзіндік дағдыларын жетілдіру барысындағы тиімділігі                   

Негізгі бөлім.

«Lesson Study» зерттеу сабағы-шығармашылық бастауы.

А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеудегі тізбектелген сабақтардың ролі. 

Қорытынды бөлім.

Жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру және оқушыны шынайы өмірге бейімдеу

 

          Қорыта келгенде мектеп өміріне Кембридждік әдіс – тәсілдер бойынша деңгейлік курстан алған білімдерімді өзгеріс ретінде тиімді жүзеге асыра алдым деп ойлаймын. Барлық мұғалімдер өз сабақтарында осы өзгерістерді қолданды және оның тиімділігін өз көздерімен көрді. Әрине менің аз уақытта енгізген өзгерістерім мектепті түбегейлі өзгертті деп айта алмаймын. Қысқа мерзім  ішінде бұл үдерісті жүзеге асыру мүмкін де емес. Дей тұрғанмен мен әріптестерім мен оқушыларымның   жауқазындай жүректерінде жаңашылдықты меңгеруге  деген талпынысты ұялатқанымның  өзін үлкен жетістік деп санаймын.

     Өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұстаздар қауымы білім беру үрдісінің нәтижелі болуы  үшін асқан жауапкершілікпен қарауы шарт. Қазіргі кезде білім берудің сапасын жақсарту,әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені мектептің әр күні көптегенғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Мен де заман ағымына ілескен жаңа форматтағы мұғалімдер секілді оқушылармен жұмыс жасай отыра, орта буынды жастағы балалардың ойлау қабілеттерін жан-жақты дамытып,арттыратындай қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажет деген оймен ізденіс үстінде болдым.  «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Ж.Аймауытов  айтқандай, елімізде педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курсы бағдарламаларының жүзеге асырылуы және  ұстаздарымыздың осы курстарда білімін жылдан-жылға жетілдіру дерегі осы идеямен ұштасып жатады. «Қазіргі таңда сапалы білім беру - мұғалім бейнесімен танылатын   сан түрлі элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Сапалы білім беру оқушылардың ,қоршаған орта мен оқыту және білім беру мекемелерінің  бірлігі ретінде де қарастырылады» /1/. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында  қол жеткізген  бақыты - ол біздің тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Бұл тұрғыда негізгі жауапкершілік мектеп пен ұстаздарымызға жүктеледі. Сондықтан да білім  беру  саласында қызмет атқарып жатқан әрбір ұстаз өскелең   ұрпақтың   білім көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесін қосуға міндетті. Бұл жолда оқу көшбасшылары ретінде бірінші деңгей мұғалімдеріне артылар жүктің салмағы әрқашанда ауыр. Мен осы жауапкершілікті терең сезіне отырып осы өзім мектепке енгізген өзгерістерді бұдан ары жетілдіре беремін.

 

Пікір

    Құралбаева А. «Математика пәнінде оқушылардың шығармашылығын арттырудағы зерттеу сабағының тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасында қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер қоғамның дамуына ықпалын тигізетін оңтайлы өзгерістердің  бірі екенін тілге тиек еткен. Осыған байланысты біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған мақсат-ол өмір жағдайына бейімделген өз жолын дұрыс таңдай білетін,жаңа тұлға дайындау екенін айтып өткен. Ал басты міндеттеріміздің –жаңа заман ағымына сай мұғалім болу,жас ұрпақты әлемдік әдістермен тәрбиелеу екендігіне баса назар аудара отырып, сол озық тәсілдердің ішінде зерттеу сабақтарының үлкен роль атқаратынын атап көрсеткен. Баяндамада жаңартылған білім беру аясында қолданылған зерттеу сабағындағы  әдіс-тәсілдер нақты және орнымен пайдаланғанның оң нәтиже бергені өте жақсы баяндалған.

Математика сабағында білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа қызығушылғын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Бұл, әрине мұғалімнің көп ізденуге, сабақ жоспарлаудағы түрлі әдіс-тәсілдерді қолайлы пайдалана білуіне де байланысты болмақ.

   «Lesson study» зерттеу сабақтарының ең жақсы жері А деңгейдегі оқушылардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және В,С деңгейдегі оқушыларда да қозғалыс,ұмтылыс қабілеттері пайда болады.

   Баяндаманың тақырыбы өзекті, міндеттері қысқаша қойылып,оны шешудің әдістері жан-жақты сипатталған. Қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеттерінің нәтижелеріне талдау жасалған. Автор педагогикалық теорияларды білумен қатар оларды зерттеу сабақтарында қолданған.

 Жұмысының нақты нәтижесіоқу жылының соңында оқушылар бойындағы оң өзгерістерден байқалады.

    Бұл баяндама тамыз пед.оқуына лайықты деп бағаланады.

 

Пікір жазғандар:                      Мырзабекова М.

                                                                          Сурынбаев Б.

Пікір

 

                         Антекалық мәлімет

Аты-жөні: Құралбаева Аида Сүйеубековна

Туылған жылы, айы, күні.   04.10.0966 ж

Ұлты:  қазақ

Жынысы: әйел

Мекен-жайы: Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы

Мектебі: «Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

Бітірген орны: М.О.Әуезов атындағы ШПИ

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары

Пед.өтілі: 32 жыл

Сымтетік: 87058480205

Электронды почтасы: aida.kuralbaeva@mail.ru

Курстан өтуі:

2017 ж  «ҚР орта мазмұны жаңарту шеңберінде математика пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсы»

Пәні: Математика

Проблемалық тақырыбы: Математика пәнінде оқушылардың шығармашылығын арттырудағы зерттеу сабағының тиімділігі.

   


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.     Алимов А.К. Интербелсенді әдістерді мектептерде қолдану. – Алматы, 2015.

2.     Хэтти Дж. ҚР мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы,  2015.

3.     Тулепбаева А. (Қазақстан Республикасы).- «Назарбаев Зияткерлік мектеп­тері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2013. – 70 бет).

    4. Уилсон Э. Іс-әрекеттегі зерттеу. Үлестірме материал.

    5. Дадли П. Lesson study: нұсқаулық. – 2011.  

    6. Ричард П. Сыни ойлау: Жылдам өзгеретін әлемде әр адамға не керек болады. (Критическое мышление: Что необходимо каждому для выживания в бы­стро меняющемся мире). – М., 1990.

    7. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы. 2016. Астана

    8. «Физика және математика» әдістемелік журналы №5,№6

    9. Алгебра 7-сынып, Алматы «Мектеп» 2017 ж

 

«Бекітемін»                                                        «Тексерілді»

Мектеп директоры:             Х.Шаметов     ДЖОІМ:                  Сурынбаев Б

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді қосу   және  азайту

Мұғалімнің аты-жөні:   ҚұралбаеваАида Күні:    22.04.2019ж.

СЫНЫП:  7

 

Қатысқан оқушылар    саны:  21

 

Қатыспағаноқушылар   саны: 1

Сабақ негізделген оқу   мақсаттары

7.2.1.19.алгебралық бөлшектерді   қосу және азайтуды орындау.

 

Осы сабақта қол   жеткізілетін оқу мақсаттары:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Алгебралық бөлшектерді ортақ   бөлімге келтіре алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе   орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме   ресурстармен  жұмыс жасайды. Жай   бөлшектер мен алгебралық бөлшектерді ажырата отырып тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс   берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер   мен дәлелдер келтіре алады.Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде   жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.   Сабақ барысында  тыңдаушының назарын   өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге   арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық   тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,   түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

5-сынып математика,

Алдыңғы оқу

 Алгебралық бөлшек

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы : Капитан,еден жуу, құтқару   ойыны арқылы топқа бөлу

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға   бөлу. «Капитан,еден жуу, құтқару ойыны   арқылы топқа бөлу» Алдымен шеңбер болып тұрып тілектер айтады.Болған соң еден   жуу дегенде жұптасады, капитан дегенде тарайды, құтқару дегенде бірігеді.   Біріккен кезде топқа бөледі.


Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ   бойынша  өз позициясын жариялау керек.   Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1-топ: Көбейту

 2-топ:Бөлу

 3-топ: Дәрежелеу

.

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

«Салыстыру кестесі»

Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге   жазып жабыстырады немесе,  маркермен   жазады.

 

Талдау

«Ыстық   орындық» орындық   әдісі

(Бір   оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз   пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым   мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып   сөйлей алады.      

 

 

 

 

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық   орындық» орындық   әдісі, сұрақтар, орындық.

 

Сергіту сәті

2 минут

https://www.youtube.com/watch?v=mvolys8aLaw

миды шынықтыруға арналған   логикалық сұрақтар.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы.  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні«Жариялау» әдісі«Салыстыру кестесі»«Ыстық орындық» орындық әдісі«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісіБалл                                     

 

«Рефлексиялық   шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

*    Сабақ барысында көңіл-күйіңіз   қандай болды? Неліктен?

*    Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не   жаңалық болды?

*    Сабаққа қатысуыңызды қалай   бағалайсыз?

*    Сабақта қандай қиындықтар   туындады?

*    Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз   қандай? Неліктен?

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық шеңбер

 

Қосымша ақпарат

Саралау   – Сіз қосымша

көмек   көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай   жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

*А деңгейлі оқушыларға «Ыстық   орындық»белсенді әдісі бойынша сұрақтарды күрделендіремін;

*Хроника, хабар, очерктердің   және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы   жанрлық ерекшеліктерін ажырату үшін мақала жазуды «Төрт сөйлем»әдісі бойынша   мақала жаздырамын.

Дескриптор:

*Оқулықта берілген және қосымша   тапсырмаларды орындайды; 

*Жазба жұмыс жасайды;

*Сұраққа жауап береді;

*Алгебралық бөлшектерді ортақ   бөлімге келтіре алды;

*Алгебралық бөлшектерді қосу   мен азайту амалдарын орындады.

 

 

*Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері мен

АКТ-мен байланыс кезінде қауіпсіздік ережелері   сақталды.

.

 

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін   оқушылар

не білді?

Сыныптағы   ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Сабақ оқу мақсаттары шынайы.Бүгін оқушылар оқу   нәтижесін көрсете білді, жоспарланған сабақ бойынша өз мәресіне жетті.   Сыныптағы ахуал өе көтеріңкі болды. Оқушыларға бүгінгі сабақ ұнады.Саралау   шарасы «Lesson Study» үдерісі   болғандықтан тиімді болды.Берілген уақытты шамалы кешіктім.

   Мен   жоспардағы саралауды тек А деңгейлі оқушыларды ғана емес В,С деңгейдегі   оқушыларға тапсырмалар дайындауды алдағы жоспарға кіргізуді ұйғардым.

Қорытынды   бағамдау

Қандай екі нəрсе   табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Дескрипторды   алдын- ала таныстырылғаны;

2:Саралауды А   деңгейіне пайдаланғаным.

Қандай екі нəрсе   сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды   «Капитан»әдісі бойынша топқа бөлгенім.

2:   «Жариялау»белсенді әдісті мәтін ді оқылым дағдысына пайдаланғаным...

Сабақ   барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

   Менің келесі сабағыма саралауды   қайта жасауды, сонымен қатар әдіс –тәсілдерді өзгертуді жоспарладым.













 

«Бекітемін»                                                        «Тексерілді»

Мектеп директоры:             Х.Шаметов        ДЖОІМ:                  Сурынбаев Б

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді тепе-тең   түрлендіру.

 

Мұғалімнің аты-жөні: Құралбаева   Аида

Күні:  06.05.2019ж. 


Сынып:  7

 

Қатысқан оқушылар    саны: 22 

 

Қатыспаған оқушылар   саны: 0


Сабақ негізделген оқу   мақсаттары

5.О6.Алгебралық бөлшектерді тепе-тең түрлендіру ;

 5.Ж2. Қысқаша көбейту формулаларын қолданып   көбейткіштерге жіктеу;


Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша   тапсырмаларды орындайды.  Оқшау   сөздерді қатыстырып мәтін құрай алады,. «Модерация»әдісі бойынша сұрақтарға   жауап береді..

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе   орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме   ресурстармен  жұмыс жасайды.    

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс   берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер   мен дәлелдер келтіре алады.


Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.   Сабақ барысында  тыңдаушының назарын   өзіне аудара алады.


Тілдік құзіреттілік



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге   арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық   тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,   түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.


Пәнаралық байланыс

Математика


Алдыңғы оқу

Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу.


Сабақтың жоспары


Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері


Басталуы

5  минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді.   Оқушыларды  кассадан  билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп   отрады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

 

 

Психологиялық   ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Өзі туралы   кластер» тренинг

 Оқушылар танысу үшін өздері туралы   кластерлер құрастыруы керек.  Олар   парақтың ортасындағы шеңберге  өз   есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге    өздерінің өмірінде маңызы бар    бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

1-топ:

«Қосу»вагоны

2-топ:

«Азайту» вагоны

3-топ:

«Көбейту» вагоны

 «Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар,   қалам.


Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.   «модерация»әдісі бойынша мәтінді топ бойыша талдау

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.


Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

«Социометрия» әдісі бойынша мұғалімдерге     Сабақ табыстылығын бағалау критерийлері туралы ұғымдарының деңгейін    берілген шкалалар арқылы көрсетуді тапсыру.

 4- тапсырманы  Саралау бойынша тапсырмаларды А,В,С   деңгейлі оқушыларға тапсырмалар беру

А.Д.О : .

В.Д.О: 6-8 сөйлем осы тапсырма   бойынша мәтін құрау.

С.Д.О: 5-6сөйлем құрау тірек   сөздер беру арқылы.

Мұғалімдер өздерінің білім   деңгейін шкалалар арқылы көрсетеді


Сергіту сәті

2 минут

Табыс қоржыны арқылы сергіту"Табыс қоржыны" жаттығуы    10 мин Жаттығу барысы.

Егер сіз мына сиқырлы қоржынға   жетсеңіз-тілегіңіз орындалады.

Топ бір-біріне қарама –қарсы   екі қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см   арақашықтықта тұрады.

-Қол, дене арқылы кедергі   тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына   қарай, адам қалайда өте алатындай болу керек.

-Межелі жерге жету үшін ешкімге   зиянын тигізбей, 2 мин. ішінде  жету   керек.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

 «Социометрия» әдісі бойынша   мұғалімдерге   сабақ табыстылығын бағалау критерийлері туралы ұғымдарының   деңгейін  берілген шкалалар арқылы   белгілеу сабақтың алдында тапсырылған болатын соның нәтижесі көтерілгенін   байқау үшін қайта белгіленеді.

 



Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Оқушының аты-жөні«Модерация» әдісі«Социометрия»СаралауҚорыту      «Социометрия»Балл                                     

 

Кері байланыс кемесі


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


4- тапсырманы  Саралау бойынша тапсырмаларды АВС деңгейлі   оқушыларға тапсырмалар беру

А.Д.О : 9-10 сөйлемнен тұратын   соғыс, жеңіс туралы оқшау сөздерді қатыстырып мәтін құрастыру.

В.Д.О: 6-8 сөйлем осы тапсырма   бойынша мәтін құрау.

С.Д.О: 5-6сөйлем құрау тірек   сөздер беру арқылы.

*Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды   орындайды. 

*Оқшау сөздерді қатыстырып мәтін құрай алады,.

*«Модерация»әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді

           *Қосымша үлестірме   ресурстармен  жұмыс жасайды.    

 

Тарих пен әдебиет пәнаралық байланыс жасалды;

*Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері мен

АКТ-мен байланыс кезінде қауіпсіздік ережелері   сақталды.

·           Әлия, Мәншүк,Хиуаз сияқты батыр арулардың соғыс кезіндегі батылдығын   оқушылар бойына сіңіріп Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?













 

«Бекітемін»                                                        «Тексерілді»

Мектеп директоры:             Х.Шаметов     ДЖОІМ:                  Сурынбаев Б

 

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу

Мұғалімнің аты-жөні: Құралбаева   Аида

Күні: 29.04.2019 ж

Сынып: 7

 

Қатысқан оқушылар    саны:  21

 

Қатыспағаноқушылар   саны: 1

Сабақ негізделген оқу   мақсаттары

7.2.1.20.Алгебралық бөлшектерді көбейту мен бөлуді,дәрежеге шығаруды   орындайды;

Осы сабақта қол   жеткізілетін оқу мақсаттары:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша   тапсырмаларды орындайды. Бөлшектерді көбейту бөлу  ережелерін меңгереді. Есептер шығарғанда амалдарды   орындай алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе   орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме   ресурстармен  жұмыс жасайды. Алгебралық   бөлшектерді дәрежелеуді орындайды Оқушылардың   кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс   берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер   мен дәлелдер келтіре алады.Өз ойынан тапсырмалар дайындап оны шеше алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.   Сабақ барысында  тыңдаушының назарын   өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге   арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық   тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,   түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс


Алдыңғы оқу

Алгебралық бөлшектерді қосу   және азайту

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлемдесу.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға   бөлу.

 Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға   себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп   отырады.

 

1-топ   «Сары кәмпиттер»

2-топ   «Көк кәмпиттер»

3-топ   «Қызыл  кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

     "Табыс қоржыны" жаттығуы    (10 мин)  Жаттығу барысы.

Егер сіз мына сиқырлы қоржынға жетсеңіз-тілегіңіз   орындалады.

Топ бір-біріне қарама –қарсы екі қатарға тұрады.   Қырындағы көршілерімен иықтаса, қарсысындағылармен-15 см арақашықтықта тұрады.

-Қол, дене арқылы кедергі тудыру;

-Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам қалайда   өте алатындай болу керек.

-Межелі жерге жету үшін ешкімге зиянын тигізбей,   2 мин. ішінде  жету керек.

-Сізге межелі жерге жету оңайлық тудырды ма?

-Қандай    тосқауылдар болды?

–Тосқауылдан өту үшін қандай әдістерді   қолдандыңыз?

–Келесіде және осындай жағдай қайталанса қандай   әдіс тиімді деп ойлайсыз?

-Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар?

Мұғалімдер өздерінің болжамдарын айтады.+

.Тапсырманы орындаған әр балаға   конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

Білу және түсіну

Мысалдардың шығарылу жолын оқып   түсініп алады

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ   бойынша  өз позициясын жариялау керек.   Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа   қатысушылар  алдында сөйлеп, топ   ұстанымын жеткізеді.)

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықпен   жұмыс. Берілген есептерді топқа бөліп орындайды

Талдау

«Ыстық   орындық» орындық   әдісі

(Бір   оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз   пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым   мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып   сөйлей алады.                  

1.      Алгебралық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

2.      Алгебралық бөлшектерді бөлу?

3.      Бөлшектерді дәрежеге шығару қалай орындалады?

4.      Қысқаша көбейту формулаларын қолдану.

 

 

 

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 

«Ыстық   орындық» орындық   әдісі, сұрақтар, орындық.

 

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

 »Модерация» әдісі  арқылы сабақты қорыту


Бағалау

 

5 минут

 

Кері байланыс

3 минут

«Білім   қоржыны» кері байланыс

 

Сабақтан алған әсерлерін   стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

·           Саралауды АВС деңгейлерге шақтап жасауға тырыстым.

·           «Модерация»әдісі бойынша үш деңгейде оқушыларды сабақ барыснда білімдерін   сараладым.

*Жазба жұмыс жасайды.

*Сұраққа жауап береді.

* Қысқаша көбейту формулаларын   қолданды,

* көпмүшені көбейткіштерге   жіктеуді пайдаланды.

*Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері мен

АКТ-мен байланыс кезінде қауіпсіздік ережелері   сақталды.

 

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Мақсат шынайы.Оқушылар сабақта қолданылған   белсенді әдіс-тәсілдерді орынды қолдану арқасында сабақты толығымен меңгерді.  

Сыныптағы ахуал оқушылардың көңілінен шықты.

Саралау шаралары оқушыларға тиімді болды.

Берілген уақыттан шамалы кешіктім.

Өз жоспарыма деңгей мұғалімдерімен ақылдаса   отырып,мынандай өзгертулер енгізуді жөн санадым, «Социограмма»әдісін келесі   сабаққа қолдануды. Себебі бүгінгі өткен сабаққа қолдануға дұрыс келмейтінін   байқадық.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Психологиялық ахуал   қалыптастыру

 

2:Саралауды А,В,С деңгейде   қолданылғаны

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды   да, оқуды да ескеріңіз)?

1:  «Модерация»мен «Социограмма»әдістері

2: « Білім қоржыны» кері   байланысты  алынуы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген   оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?










Ашық сабақ. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау жүйесі
Ашық сабақ. Математика. 7 сынып. Қысқаша көбейту формулалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу