Сабақ жоспары. 11 сынып. Химия. Спирттердің қасиеттері

Oinet.kz 02-09-2020 846

Атырау облысы, Атырау қаласы,

Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің

химия және биология пәндерінің мұғалімі

Ислямова Лязат Темиржановна

11 сынып

Тақырыбы: Спирттердің қасиеттері

Мақсаты: 1. Оқушыларға спирттердің қасиеттері туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың оттекті органикалық қосылыстар жөніндегі білімдерін тереңдету;

3. СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру;

4. Оқу үрдісінде тапсырма беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

1. Қаныққан біратомды спирттер туралы негізгі ақпаратты біледі;

2. Дегидратация реакцияларын есептер шығаруда қолдана алады;

3. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, постер, стикерлер, бағалау парағы, қажетті құралдар мен реактивтер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Қолайлы психологиялық көңіл - күй қалыптастыру

3. Сыныпты стикердің көмегімен топтарға бөлу


Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылығын ояту

Ой қозғау

(Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру)

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Кел, танысалық!

(Жаңа тақырыпты түсіндіру)


Спирттер - молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобымен алмасқан, көмірсутектердің туындылары. Жалпы формуласы: R(OН) х

Спирттердің физикалық қасиеттері:

Қалыпты температурада С10 - ға дейінгі спирттер - сұйық, С11 - ден бастап - қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады. Молекулалық массасының артуына қарай спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі. Спирттердің қайнау температуралары сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі, спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі.

Ашық сабақ. Математика. 5 сынып. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Сабақ жоспары: Щ дыбысы мен әрпі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу