Сабақ жоспары: Дара және күрделі сын есім

Oinet.kz 02-09-2020 875

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім

Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен ажырата білуге үйрету;

2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнектілігі: Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).

3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.

(Терең - таяз, ыстық - суық, адал - арам, жұмсақ - қатты, жуан - жіңішке)

А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.

4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).

ІІ. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Дәптерге ай, күнді жазу.

3) Көркем жазу:

долана парта Сапар

Әдепті бала ата - анасын мақтатар.

Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.

- Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.

- Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.

4) Сөздік жұмыс. Көк ала, сары ала.

- Жазылуын, мағынасын түсіндіру. Сөйлем құрастыру.

Мен көк ала дәптер сатып алдым.

- Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

5) Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 1) 135 - бет (оқу, талдау)

2) 446 - жаттығу (тақтада, жазбаша )

- Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.

- Дара сын есімдер неше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?

- Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады?

3) Жұмбақ шешу.

4) 447 - жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.

Дара Күрделі

Ұзын Қызғылт сары

Қысқа Қара сұр

Қызыл

Ақ

- 1 - бағанға қандай сын есімдерді жаздық? Неге?

- 2 - бағанға ше?

ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).

V. Бекіту. 1) 449 - жаттығу. Өздік жұмысы.

– Сын есімдерді табу. Дара немесе күрделі екенін айту.

2) Шығармашылық жұмыс.

1 т. 2 т. 3 т.

Қызыл сары көк

Көк ала қызыл ала жасыл ала

– Берілген сөздермен әр түрлі тапсырмалар орындау.

А) Сөйлем құрастыру

Ә) Өлең құрастыру Б) Жұмбақ, әңгіме

– Оқу. Бағалау.

VІ. Қорыту. 1) Венн диаграммасын толтыру.

Дара

Қызыл, көк

Сын есім

Заттың түсін, түрін сапасын білдіреді

Күрделі

Қызыл ала, көк ала

2) Күрделі сын есімдер неше сөзден тұрады?

– Күрделі сын есімдер құрамындағы сөздер қалай жазылады?

VІІ. Үйге 135 - бет, 450 - жаттығу

VІІІ. Бағалау

Сабақ жоспары. Қазақ тілі. 6 сынып. Ырықсыз етіс
Сабақ жоспары: Омонимдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу