Мақпал Исабекова ұлына Қазақстанда жоқ ерекше есім қойды

Oinet.kz 05-07-2022 3181

Жақында босанған әнші Мақпал Исабекова ұлына ерекше есім қойды.

Screenshot_1.jpg

"Күйеуім екеуміз отбасылы болғаннан бастап балаларымызға қандай есім қоямыз деп ойланатынбыз. Асқар, Азамат, Олжас секілді есімдер қойғым келмеді. Халықаралық, көп кездесе бермейтін сирек есімдерді іздедік.  Осы кезде күйеуімнің фантазиясы мені тағы таңғалдырды, мойындаймын. Ол біздің өмірге келмеген жеті баламызға да есім дайындап қойған екен. Арамызда дау болмас үшін ұл болса есімін күйеуім, қыз болса мен қоямын деп бірден келістік. Себебі, қызым болса қоямын деп армандап жүрген есім бар еді. 

Жүктілігімнің үшінші айында ұлды болатынымызды естіп, есім қою бақытынан айырылып қалдым. Бірақ күйеуімнің бірінші баламызға қойған есімінің дыбысына, мағынасына, қысқартылған нұсқасына, сиректігіне ғашық болдым.

Теодор! Құдайдың сыйы! Тео! Тедди!

Ол бізге Құдайдың берген сыйы! Біздің құтты баламыз! Әлхамдулиллаһ", - деп жазды әнші.

Шымкенттегі қонақ үйде күйеу жігіт қызды өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген
Б.Момышұлының келіні әнші Жүнісованың масқарасын шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу