Туған күнге тілек (аға, көке)

Oinet.kz 02-09-2020 1976

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,

… астан асып бара жатырсың.

Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,

Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.


Аға десе, асқар тау елестейді,

Сен дегенде көңілім егеспейді.

Денің сау боп отбасыңа бас болшы,

Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.


Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетiңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын!

Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiн!

Қыз ұзату тойына арналған тілектер
Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу