Сатқындық туралы ұлағатты сөздер

Oinet.kz 05-09-2020 2846

Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,

Сатқындық та бұғып жүрмек қасында
Мұхтар Шаханов

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.
Омар Хайям

Күдіктер – сатқындар: байқап көруден үркітіп, олар көбінесе – ақ біздің ие бола алатын игілігімізден мақұрым қалдырады.
Уильям Шекспир

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.
Тоқсары

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп - қапқаны...
Ахмет Байтұрсынұлы

Құлық пен сатқындық ептіліктің олқылығынан ғана хабар береді.
Франсуа де Ларошфуко

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
Бауыржан Момышұлы

Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам, екінші рет оны міндетті түрде қайталайды.
Майк Тайсон


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 7 сынып. Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу