Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Тест тапсырмалары

Oinet.kz 05-10-2009 4462

В Бөлімі

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы

Ұзақтығы: 40 минут

Түсіну және жауап беру - 5 минут

Анализ және интерпретация - 15 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

 

Балл саны:  20

Көп таңдауы бар сұрақтар - 5

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар - 10

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар - 5

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі  - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

 

*Тап-сырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма-лар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орынд.

уақыты, мин

Балл

1-5

 

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін   талдау

7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармаларының мазмұны бойынша   сұрақтарға жауап береді, жауаптарды сәйкестендіреді, дұрыс/бұрыс ақпаратты   анықтайды.

5  

5  

6-10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау   түрлері: эпифора,  анафора,   аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау 

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас   тұрғысынан дамытып жазу

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

 

 

Эпизодтарды ретімен жазады, кейіпкер бейнесін салыстырып,   талдайды. Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтайды.

Өз көзқарастарын нақты дәлелдер арқылы білдіреді.

 

15

10

11

 

 

7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу 

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

120-150 сөз көлемінде тақырыпқа сай шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан   талдап, өз көзқарасын  дәлелдеп, жазба жұмысын   жазады.

20  

5  

Барлығы

40

20

 

 

 

 

 

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

 

Оқылатын шығармалар: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы,

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі, Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» және С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» хикаяттары

 

1. «Көксерек» шығармасының сюжеттік құрамдас бөліктерін ретімен орналастырыңыз.

1. Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы

2. Көксеректің ауыл тіршілігін жатсынуы

3. Көксеректің ұяластарымен табысуы. Жойқын күшке айналуы

4. Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені

5. Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы

 [1]

 

2. Шығармаларды идеясымен сәйкестендіріңіз.

1

Бейбіт өміріміз үшін алдыңғы буын ата-апаларымыздың ерліктерін   дәріптеу


А)

«Батыр Баян» поэмасы

2

Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу


В)

«Жау тылындағы бала» хикаяты

3

Жас жеткіншіктерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу


С)

«Көксерек» әңгімесі

 

4

Табиғаттағы байланыс үйлесімде болуы керек екендігін,   адамның табиғаттың заңдылығын бұзуы апатқа әкелетіндігін білдіру


Д)

«Тәмпіш қара» хикаяты

 

 [1]

 

3. Дұрыс-бұрысын белгілеңіз.

«Тәмпіш қара» повесіндегі Шаншатайдың тұлғалық болмасына тән мінездемелерді көрсетіңіз.

Мінездеме

Дұрыс

Бұрыс

1

Оның дөңгелек жүзінде сүйкімді бір арай ойнайды.



2

Әркімге бір тиісіп, орынды-орынсыз қоқаңдай беретін   қылжақбас



3

Қысыңқы көзінің ноқаттай қара жанарында ерекше бір ұшқын тұрады



4

Ол ұшқын балаларды өз маңына үйіріп, оның ақкөңіл жанын айқара ашқандай.



5

Өзі   аңқау, не айтсаң, соған сенгіш. Басқа балалар секілді шымыр емес, болбыр әрі   жуас.



6

Осы бір ұшқыннан бұрын мен көрмеген, маған тіптен   беймәлім бір батылдық байқалады.



[1]

 

 

4. Ойын баласы Серіктің ерте есеюіне не себеп болды?

А) Атасының қолында ауылда оқуы

В) Әке-шешесінен алыста жүруі

С) Анна Ивановнаның тәрбиесінде болуы

Д) Ұлы Отан соғысының басталуы

[1]

 

5. Батыр Баянды тұтқын қыз бен Ноянның артынан қудырған күш:

А) Қалмақ қызына деген қызғаныш

В) Ноянды «күшік күйеу» атандырмау

С) Інісінің Алаш намысын таптап кеткендігі

Д) Інісі Нояннан айырылу қаупі

[1]

 


6. «Тәмпіш қара» хикаятындағы эпизодтарды рет-ретімен жазып шығыңыз. Сізге қай эпизод ұнады? Неліктен?

Эпизодтар реті

Сізге қай эпизод ұнады? Неліктен?








 [2]

 

7. Анасынан айырылған Серік пен отряд командирі болған Серік Мергенбаев бейнесін салыстырып, ойыңызды 3-4 сөйлеммен талдап жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                         [2]

 

8. Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды табыңыз, анықтамасын беріңіз.

Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай,

Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.

Бір улап көзқарасы, бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.

Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,

Кәусардай татқан адам қалар қанбай.

(Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы  «Атамұра» 2017, Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасынан ықшамдалып алынды)

Көркемдегіш құралдар

Анықтамасы







 [2]

9. «Көксерек» әңгімесінің қайғылы аяқталуына кім кінәлі деп ойлайсыз? Ойыңызды «ПОПС» талдауы арқылы дәлелдеңіз.

1. Меніңше, ...

2. Себебі...

3. Дәлел

4. Қорытынды

[2]

 

10. Батыр Баянның орнында болсаңыз, қандай шешім қабылдар едіңіз? Өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып, қайта жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                   [2]

 

11. Жауды тізе бүктіріп, адамдарды жеңіске жеткізген қандай күш? Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан (ерлік пен ұлттық намыс) талдап, өз көзқарасыңды дәлелдеп, әдеби эссе жазыңыз. (120-150 сөз) ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________     [5]

 

 

 

 

 

 

 

 

Балл қою кестесі

 


 
 

Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1

4.1.2.3.5

1


2

1-в, 2-а, 3-д, 4-с

1


3

1,3,4,6 – шындық, 2,5 – жалған

1

Төрт жауап сәйкес келсе, 1 балл беріледі.

4

Д

1


5

С

1


6

Эпизодтарды рет-ретімен жазады.

Ықтимал жауап:

1. Тансыу 2. Тілеп алған азап 3. Әзілі ме, шыны ма? 4.   Өкініш 5. Теке қарт 6. Не болды бізге? 7. Бұдан кейінгі күндерде... 8.   Ойламаған жерден 9. Үш күн қалғанда

1

 

 

 

 

 

 

Оқушы жауабы ескеріледі

 

Эпизодтың ұнау себебін түсіндіреді.

1

7

Серіктің анасынан айырылған сәті мен отряд   командирі болған кезін салыстырады.

1

3-4 сөйлеммен жазады.

1

8

Көркемдегіш құралдарды табады.

Ықтимал жауап: эпитет, теңеу,   метафора

1

Көркемдегіш тәсілердің екеуін тапса, 1 балл беріледі.

Анықтамасын жазады.

1

9

Өз ойын білдіреді.

Ықтимал жауап: Құрмаштың өзі,   ағасы мен әжесі, ауыл адамдары

1

 

 

 

Оқушы жауабы ескеріледі

 

«ПОПС» талдауы арқылы дәлелдейді.

1

10

Өзінің шешімін ұсынады.

Ықтимал жауап: Ел намысы үшін мен   де Батыр Баянның әрекетін қайталар едім./Екі жастың бақытты өмір сүруіне   мүмкіндік берер едім.

1

Өз көзқарасымен дамытып жазады.

1

11

Тақырыпқа сай жазады.        

1


Шығармадан дәлелдер келтіреді.

1

Өз көзқарасын жүйелі жеткізеді.

1

Ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды.

1

Эссе құрылымын сақтайды

1

Барлығы

20


 


Ұстаз туралы ұлағатты сөздер
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу