Ұстаз туралы ұлағатты сөздер

Oinet.kz 05-09-2020 1026

Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт - бейшара.

Леонардо да Винчи

Ұстаз – анаңдай ұлы.
Жүсіпбек Аймауытов

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
Константин Ушинский

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл – Фараби

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Константин Ушинский

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
Лев Толстой

Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Жүсіпбек Аймауытов

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов

Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әзілхан Нұршайықов

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жан - Жак Руссо

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
Владимир Маяковский

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.
Лев Толстой

Ұстаз – ұлы есім.
Мұхтар Әуезов

Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
Константин Ушинский

Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
Константин Ушинский

Үздік ұстаз – ғибратты үлгі.
Бенджамин Франклин

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім
Ғабит Мүсірепов

Ақыл туралы ұлағатты сөздер
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Тест тапсырмалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу