Ашық сабақ, Қазақ әдебиеті. Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 10-10-2019 752

Дана да дара тұлға – Б. Момышұлы (слайд)

Б. Момышұлы:
- Қарттықтың екі елі ажырамайтын бір тірлігі ой., ой үстінде қалғып – мүлгу. Қалғу – менің тұлпары, ұйқы менің желмаям. Көзім ілініп кетсе, жаһан кезіп серуендеп, шаршағанымды оянғанда бір - ақ сезем.
Алайда қайда қашып құтыласың... Татар дәмің таусылмай көз жұмбайсын. Бірақ көп жасап, қатарымнан айрылып, жетім болғым келмейді. Өзімнен кішілерге топырақ салғыза көрме, тағдырым...

Әдіссіздік - әлсіздік,
ептілік те – ерлік

Маған деген атақты
Міндет етсең, өзің ал.
Әділдікке бас ұрып,
У берсең де маған бал.

Қатал болар мезгілде,
Шатырлаған жайдай бол,
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол.
(З. Ахметова)

• Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр
• батыр Бауыржан Момышұлы тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс - тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б. Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б. Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. «Қалқаман-Мамыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу