Сабақ жоспары: Сын есім

Oinet.kz 30-09-2020 795

Қалдыбаева Ақайша Серікбайқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№243 негізгі орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:   Сын  есім  туралы  толық  білім  беру.Сөйлем  ішінен  сын  есімді  тауып,  сұрақ  қоюға,заттың   сындық  ерекшеліктерін  ажырата білу.

Дамытушылығы: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру,таным қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа,  жылдам  ойлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын .

Пән аралық байланыс: математика,дүниетану,бейнелеу.

Көрнекілігі:  Суреттер,сементикалық карта,жыл мезгілдерінің  суреттері.

Сабақтың барысы:   

І  Ұйымдастыру  кезеңі.

 Оқушыларды  түгендеу. Оқушылар  назарын сабаққа  аудару.

 Сабақ  өлең  шумағымен  басталады.

Қазақ  тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар  сөйлеген  дана тілім.

Қастерлейді  ұл-қызың  мәңгі  сені

Болашағым, бақытым, дара  тілім.

-Міне,  оқушылар,  ғұлама  ақындарымыздың  туған  тілі   қазақ  тілі  сабағы.

-Олай болса, қазақ  тілін  қалай  білетіндіктеріңді  бүгінгі  сабақта  байқап  білеміз.

ІІ.  Жаңа  сабақ«Сын есім»

Заттың  белгілерін  байқап, сындық  ерекшеліктерімен  танысамыз.

1. Сын есім  туралы не білеміз? 2-сыныпта  сын есім туралы алған білімімізді еске түсірейік.

2. Суретпен  жұмыс.(Тақтаға суреттер ілінеді)

 Суреттегі  заттардың  сындық ерекшеліктерін  айту.

Мысалы:   Күшік:  ала, сүйкімді, қабаған.

                  Алма: Тәтті,  қызыл, домалақ, қышқыл.

Сын есімнің  ережесін  толықтырып айту. 

         Ереже:Заттың түрін,сапасын,түсін білдіретін сөзді сын есім дейміз.

ІІІ.  Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау.

А) Көркем жазу. Ққ қала, қыран, қаймақ.

1-жаттығу. (жұмбақты оқып,шешуін табу)

 -Жұмбақтың  шешуін табуға қандай сөздер көмектесті?

 - Олар заттың несін білдіріп тұр

 2-жаттығу.(Көп нүктенің  орнына  тиісті  сын  есімдерді   қойып  жазу.)

Ақ мақта, тәтті алма, терең көл, биік тау, кең дала.

     Заттың  түсін,дәмін, білдіретін  тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде  айтқызу.

ІV.Сергіту  сәті:  «Сұр қоян»

3-жаттығу. (Мақалды  жатқа жаздыру)

Жақсы  сөзге  жан  семіреді,

Жаман  сөзден жан қорқады.

( Сын есімдерді  тауып, қай сөзбен байланысып  тұрғанын  сызбамен көрестеді)

V Ойын: «Мен қандаймын»  

Ойынның шарты:  Сыныптағы  әр  оқушы  өзінің  аты  қандай  әріптен басталса,оған сол  әріптен  басталатын сын есім сөзін қосып айтамыз. Мысалы:

Назира – нәзік,

 Әлішер – әдепті,

 Аяулым-ақкөңіл, 

 Меуерт-мейірімді.

 4-жаттығу.Бір  зат  есімге  қатысты  бірнеше  сын есім  тауып жазу. Осы  ережені терең меңгеру үшін жаттығуды  «Аукцион»  ойыны  арқылы орындаймыз.

-Бір затты  саудаға  саламыз.Кімнің  ақшасы көп болса,соған  сатылады.

-Біз  ақшамен  емес , білімімізбен  сатып аламыз. Ол үшін мына заттардың  сындық  белгісін  кім  көп айтса, соған сатылады. Үй,  көйлек, сиыр,тамақ.

                    биік                                                                 ала

  Үй           кең                                    Сиыр            жуас

               жаңа                                                сүтті

VІ. «Кім жылдам?» ойыны   

Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт  мезгілінің суретінің астына  қатыстырып жазу:

Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.






















          

                                                  

          

         Қыс                           Көктем                        Жаз                   Күз

                ...                                  ...                               ...                       ...

VІІ.Семантикалық карта   

Сөздер

Сөз табы

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан  есім

 Домбыра





 Ақылды





 Тоғыз





 Дәптер





 Қызыл





 Ойнайды





 Тәртіпті





  Он  бес





V ІІІ. Сабақты қорытындылау  

-Оқушылар, осы жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктемнің  алғашқы  қонағы нелер?

-Құстар.

-Олай болса, сабағымызды  «Құстарды қарсы  алайық» ойынымен  қорытындылаймыз.

 (Құстардың  артындағы  сұрақтарға  жауап беріп,құстарды талдарға орналастыру)

1.Сын  есім  дегеніміз  не?

2.Сын  есім  сұрақтарын ата?

3.Сын  есімге  мысалдар  келтір?

4. «Әдемі»  сөзіне  сөйлем құра.

ІX. Үйге тапсырма: 5- жаттығу.( Мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. Сын есімдерді өзімен қатысты зат есімдермен бірге  көшіріп жазып келу)

Ереже  жаттау.

X.  Оқушылардың білімін бағалау

Сабақ жоспары: Аустралияның географиялық орны
Сабақ жоспары: Виет теоремасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу