Ашық сабақ. Технология. Оюлар

Oinet.kz 25-07-2020 715

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    Ф. Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып  Ф. Оңғарсынованың  «Оюлар» өлеңінің  сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың    портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

 2. «Бәріміз де  туыспыз» деген  тақырыпта  шығарма  жазу.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның  өмірі  жайлы  мәлімет.

  • 1939  жылы Атырау  өңіріндегі Манаш  ауылында туған.

  • Фаризаның  жырларында  Жайықтың  суындай жағаны  соққан  адуынды  көңіл – күй  сезіледі.

  • Оның өлеңдері  Каспийдің  алапат  толқынындай  айбынды.

  • Ақынның 1967  жылы  «Бұлбұл»  деген  атпен  тұңғыш  жыр  кітабы  жарық  көрді.

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

3.Өлең  құрылысына  талдау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1.  Сұрақтарға жауап беру.

  • Халықтың  асыл  қасиеттерін  өзіне  жинақтаған  ұлттық  қолөнері бұйымдарын,  халықтық  дәстүрді,  өнерді  ақынның  мейлінше  бағалап,  қастерлеуінің  сыры  неде  деп  ойлайсыңдар?

Түрін – ай  текеметтің  асыл  қандай!..

«Келе  ғой,  қошақаным,  өзіме»  деп,

Әжем кеп  сипағандай  шашымнан  жай,-

Деген  өлең  жолдарын  қалай  түсінесіңдер?

  • Желбауға,  басқұрға,  текеметке  салынған  қазақтың  қошқармүйіз  өрнектері ғасырдан  асып жеткенін,  енді  одан  айырылып  қаламыз ба  деген  қаупін  ақын  қалай  берген?

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Қошқармүйіз  өрнектерді  көркемдеп,  бояумен  салып  көріңдер, оған өлең тілімен  жан  бітіріп жазыңдар.

 

 Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі



Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді







 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

 

  1. Фариза Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы

 2. « Оюлар»  өлеңін  жаттау.

Ашық сабақ. Технология. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалану
Ашық сабақ. Технология. Жүн және жібек маталардың қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу