Ашық сабақ. Технология. Жүн және жібек маталардың қасиеттері

Oinet.kz 25-07-2020 709

ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласының
«М.Әуезов атындағы орта мектебінің» КММ
технология пәнінің мұғалімі :
Смагулова Шынар Аскербековна
Сабақтың тақырыбы: Жүн және жібек маталардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылар жүн және жібек маталарының қасиеттерімен танысады, бұл маталардан тігілген бұйымдарды күту жайлы білімдерін толықтырады.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, іздену қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жүн және жібек маталарының қасиеттеріне қарай олардан тігілген бұйымдарды күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: жүн және жібек талшықтары; жүн және жібек маталардың қиықтары; осы маталардан тігілген бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: жануартану; химия.
Сабақта қолданылатын технологиялар: сын тұрғысынан ойлау;


Сабақ кезеңдері Стратегиялар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру Топтастыру Сәлемдесу;
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау;
Оқушыларды түгендеу;
Қажетті материалдарды тарату. Мұғаліммен амандасып, сабаққа қажетті құрал –жабдықтарын дайындайды. Берілген мата қиықтарына байланысты топтасады.
Қызығушылықты ояту ББҰ Кестені толтыру арқылы сұрақтарға жауап береді: Жүн және жібек маталары жайлы не білесіңдер? Нені білгілерің келеді?
Кестенеің ББ бөліктерін толтырады, топта талқылайды, топ ішінен бір оқушы сыныптың алдында оқиды.
Мағынаны ажырату Талқылау Алдын ала әзірленген тақырыптарды оқушыларға таратып береді.
1-топ: маталардың қасиеттері;
2-топ: жібек және жүн маталарынан тігілген бұймдарды күту. Тақырыптарды оқиды, талқылайды. Топта сараптайды. Сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіреді.
Ой- толғаныс ББҰ
Венн диаграммасы
Шығу парағы
Галерея Әр топқа тапсырмаларды таратып береді. 1 топ: Жүн маталардың қасиеттерін анықтау;
2 топ: Жібек маталардың қасиеттерін анықтау.
Кестеде берілген «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Жүн және жібек маталарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазуға бағыттайды.
Бүгінгі сабақтан нені түйдім деген сұраққа жауап.
Галереяны аралау. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап іздей отырып, жүн және жібек маталарының қасиеттерін анықтайды. Сыныпқа түсіндіреді.
Кестені толтырады, топта оқиды. Әр топтан бір оқушы жазғанын сынып алдында оқиды.
Диаграмманы толтырады. Топта талдау жасайды. Ең құнды пікірді ортаға салады.
Шығу парағын толтырады. Қабырғаға іледі. Галереяны аралап, пікір алмасады.

Қорытындылау Матаның қасиеттерін білу, бұйымдарды күтіп сақтауға мүмкіндік береді. Бүлдіріп алудың алдын алады.Сондықтан бүгінгі сабағымыз өте пайдалы деп ойлаймын. Сабақ барысында қандай жаңалықтар білдіңдер, қиындық туды ма? Қорытындылап, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беріледі. Сұрақтарға өз пікірлерімен жауап береді. Алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. Үйге тапсырма алаып, жұмыс орнын жинайды.


Ашық сабақ. Технология. Оюлар
Ашық сабақ. Технология. Алгоритм. Технология пәнінен сабақтар топтамасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу