Ашық сабақ. География. Атажұрт этногеографиялық ойыны

Oinet.kz 25-07-2020 746

«Атажұрт» этногеографиялық ойыны
Ойынның мақсаты : Халқымыздың мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тарихи шежірелер мәдиниетінің ұлттық рухани –танымдық ,тұрмыс-әлеуметтік,қасиетті,киелі асыл мұраларының қазынасын жас ұрапқтың сана-сезіміне сіңіру.

«Атажұрт» этногеографиялық ойыны 6 бөлімнен тұрады: «Өткел», «Белес», «Бекет», «Асу», «Жерұйық».
Ойынға 8А, 9Б, 10Б сынып оқушылары қатысты.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін
Ауылдағы жамандар
Ел қадірін не білсін.
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін.
Көшсе,қона білмеген,
Қонса,көше білмеген
Ақылына көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін.
Асанқайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып «Атажұрт» этногеографиялық ойынын бастаймыз.
І бөлім. «Өткел»
Топ басшыларына бес сұрақтан қойлады.
8 А сыныбынан құралған «Сарыарқа»-топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1.Еліміздің астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді?
(1998 ж. 6 - маусымда)
2.Қожа Ахмет Иассауи кесені қай жерде орналасқан? (Түркістанда)
3.Маңғыстау облысының орталығы қай қала? (Ақтау)
4.Верный қай қаланың бұрынғы атауы? (Алматы)
5.Алматы қорығы орналасқан тау.(Іле Алатауы)
9 Б сыныбы оқушыларынан құралған «Алатау»-топ басшысына сұрақ.
1.Қазақстан қанша облысқа бөлінеді? (14)
2.Жер көлемі ең үлкен облыс (Қарағанды облысы)
3.Қорқыт ата ескерткіші қай облыста орналасқан? (Қызылорда облысы)
4.Қазақстан аумағындағы Орал тауының жалғасы қай тау? (Мұғалжар тауы)
5.Хан Тәңірі шыңын ашқан кім? (П.П.Семенов-Тянь-Шаньский)
11 А сынып оқушыларынан құралған «Ордабасы»-топ басшысына сұрақ.
1.Қазақстандағы миллионер қала? (Алматы қаласы)
2. Қазақстандағы ең суы мол өзен. (Ертіс өзені)
3.Қазақстан вольфрам кені бойынша әлемде нешініші орын алады? (1-орын)
4.Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі (Қарақия ойысы)
5.Жамбыл облысының орталығы қай қала?(Тараз қаласы)
ІІ бөлім. «Белес» бөлімінде ойынға қатысушы командаларға 3 сұрақтан қойылады және қосымша көмек алуға болады.

Сарыарқа тобына арналған сұрақтар.
1.Маңғыстау өңірінің бас қаласы.Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.Қала Маңғыстау түбегінен мұнай,газ,уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты 1959 жылы ірге көтерген.1963 жылы қала мәртебесін алды.Қала 1964 жылдан 1991 жылға дейін Шевченко аталып келді.Кейін тарихи жер атауы қайта берілді.Сұрақ бұл қай қала?
Қосымша көмек : Бұл қала Маңғыстау облысының орталығы.
Жауап : (Ақтау қаласы)
2.Қазақстандағы күрделі тау жүйелерінің бірі.Солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы,оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан-шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр.Ені батысында 100 км-ден шығысында 250-км-ге дейін жетеді.Бұл тауда Қаратал өзені бастауы орналасқан. Сұрақ: Бұл қай тау?
Қосымша көмек: Бұл таудың ең биік шыңы Бесбақан 4464 м
Жауап: Жетісу (Жоңғар) Алатауы
3.Қазақстанның батысындағы шөлді аймағының табиғат кешенін сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған қорық.Оның жалпы көлемі 233 мың гектар.Ең биік жеріндегі Кендірлі көлі айналасында таңғажайып төбелер бар.Табиғаттың мұндай құбылысы әлемнің ешбір жерінде кездеспейді.Қорықта Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген аң-құстардың 12 түрі қорғалады. Сұрақ: Бұл қай қорық?
Қосымша көмек:Бұл қорықта жабайы қой муфлон қорғалады және еліміздегі аумағы бойынша ең үлкен қорық.
Жауап:Үстірт қорығы
Алатау тобына арналған сұрақтар:
1.Жетісу өңіріндегі көне қалалардың бірі.Ол 1882 жылы «Самал» атты ауыл орнында бой көтерген. Қала Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде орналасқан.1891 жылы қала статусын алған.Сұрақ бұл қай қала?
Қосымша көмек:1942-1992 жылдар аралығында қала Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталған.
Жауап: Жаркент қаласы
2.Азияның орта тұсындағы таулы өлке.Қазақстанға бұл таудың оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді.Оңтүстігінде Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы .Сарыарқадан Шар өзені аңғарымен бөлінеді.Сұрақ бұл қай тау.
Қосымша көмек: Бұл таудың ең биік шыңы Мұзтау деп аталып,қойнауы пайдалы қазбаларға бай.
Жауап: Алтай тауы.
3.Бұл қорық Ақмола облысында 1968 жылы құрылған.Жер көлемі 259 мың гектар.Қорыққа Теңіз көлі кіреді.Сүтқоректілердің 41 түрі,құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі,өсімдіктің 343 түрі кездеседі.Бұл қорыққа дүние жүзінде сирек кездесетін құс қоқиқаз ұя салады. Сұрақ бұл қай қорық?
Қосымша көмек:Бұл қорық ЮНЕСКО –ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген.
Жауап: Қорғалжын қорығы.
Ордабасы тобына арналған сұрақтар.
1.Бұл тау Орал тауының Қазақстандағы жалғасы болып табылады.Солтүстіктен –оңтүстікке қарай 450 км,ені 30 км,орташа биіктігі 450-500 м.Экзогенді процестер әсерінен мүжіліп,аласарған таулардың қатарына жатады.Герцин қатпарлауында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Сұрақ бұл қай тау?
Қосымша көмек: Бұл таудың ең биік нүктесі –Үлкен Боқтыбай 657 м.Қойнауы никель мен хромға бай.
Жауап: Мұғалжар тауы
2.Іргесі 1740 жылы Ертіс әскери линиясы бойында бекініс ретінде қаланған Коряков атты форпаст.Бұл қалада алғаш рет Қазақстандағы алюминий зауыты іске қосылды. Қазақтар бұл қаланы Кереку деп атайды.
Қосымша көмек: Павлодар облысының орталығы.
Жауап: Павлодар қаласы.
3.1976 жылы құрылған қорық.Алтай тауының Күршім жотасы мен Азутау жотасы аралығында орналасқан.Жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды.Дәрілік өсімдіктерден «аралий» мен «алтын тамыр» кездеседі.Сұрақ бұл қай қорық.
Қосымша көмек: Қорықта Марқакөл көлі орналасқан.
Жауап: Марқакөл қорығы.
ІІІ бөлім. «Бекет» Бұл бөлімде адамның мінез-құлқымен , жануарлар мен өсімдіктер атауымен аталатын жер-су атауларын анықтайды.Бұл бөлімнен кейін ұпай аз жинаған топ ойынан шығып қалады.Қай топ бірінші болып қол көтереді сол топ бірінші болып сұраққа жауап береді.
1.Адамнының жағымсыз мінез-құлқын сипаттайтын «сотқар» , «бұзық» тіркестеріне синоним болатын Жетісу жеріндегі өзен.
Жауап: Тентек өзені.
2.Сарыарқадағы биіктігі 1111 м болатын тау.Бұл таудың атауы құлақ кемістігімен аталған.
Жауап:Шұнақ тауы
3.Солтүстік Қазақстандағы көл.Бұл көлдің атауы ешкі малының аталығымен аталады.
Жауап : Теке көлі.
3.Батыс Қазақстандағы өзен.Бұл өзеннің атауы дүкендегі сатылатын зат.Оны балалар көптеп сатып алады.
Жауап: Сағыз өзені
4.Орталық Қазақстандағы мыс кен орны.Кен орнының атауы қазақ руының атымен аталады.
Жауап: Қоңырат мыс кен орны.
5.Қызылорда облысындағы елді мекеннің атауы.Бұл елді мекеннің атауы шөлді өңірдің Қазақстаннның Қызыл кітабына кірген жартылай бұталы ағаш тектес өсімдігімен аталады.
Жауап:Сексеуіл кенті.
6.Қостанай облысындағы өзен және үстірт.Өзен, үстірт атауы дене бітімі кішкене құстың атымен аталады.
Жауап: Торғай өзені,Торғай үстірті.
7.Батыс Қазақстандағы өзен.Өзен атауы мал азығының атымен аталады.
Жауап:Жем өзені.
8. Алматы облысындағы елді мекеннің атауы. Елді мекеннің атауы ыдыс атауымен байланысты.
Жауап:Шелек елді мекені.
VІ бөлім. «Асу»Бұл бөлімде бейне сұрақ қойылады және қосымша мәліметтер беріледі.
Бұл сарқырама Қаратал өзенінің оң жақ саласы Қора өзенінде орналасқан.Биіктігі 120 метр.
Жауап:Бұрқан бұлақ сарқырамасы
Бұл табиғат ескерткіші Алматы –Талдықорған тас жолының бойында орналсқан.Ежелгі палеозой эрасының пермь дәуірінде жанартау атқылуынан пайда болған.Тарихи дерек бойынша Шыңғысхан әскерелерінің шатыры тігілген .
Жауап:Шыңғысхан шатыры
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл.Көлге 15 астам үлкенді – кішілі өзендер құяды.Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері бар.
Жауап:Алакөл көлі
Алматы облысы,Райымбек ауданы жерінде,күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған көл.
Жауап:Көлсай көлдері
Бұл шыңның биіктігі 6695 метр.
Жауап:Хан Тәңірі шыңы.
Бұл көл Алматы облысы,Райымбек ауданы жеріндегі Көлсай көлдері құрамына кіреді.Теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте орналасқан.
Жауап: Қайыңды көлі.
V бөлім. «Жерұйық» Бұл бөлімді тек жеңімпаз команда ойнайды.
Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында үстіртті шөл.Орташа биіктігі 300 м.Ең биік жері- Желтау жотасы 974 м-ге жетеді.Жер бедері қарай оңтүстік- батыс және солтүстік-шығыс бөлып екіге бөлінеді. Оңбатыс –батыс бөлігі тегіс жазық, ал солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді.Сұрақ бұл қай үстіртті шөл.
Жауап: Бетпақдала үстірті шөлі
Қорытынды . Жеңімпаз команданы марапаттау.


Ашық сабақ. Орта мерзімдік сабақ жоспары география 9-сынып «Шығыс Қазақстан» (4 сағат)
Ашық сабақ. География.Абсолют және салыстырмалы биіктіктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу