Шалқан ертегісі (ертегі)

Oinet.kz 29-07-2019 1973

1539584514_shalan-orys-haly-ertegs.jpg

Ерте бір заманда атай мен әжей өмір сүріпті. Олар бағбан екен және олардың бақшалары бар екен. Күндердің бір күнінде  атай сол бақшасына шалқан отырғызады.

Оның еккен шалқаны үп-үлкен болып өседі. Атай оны бір күні жерден суырып алмақшы болады. Ары -бері тартады бірақ ол шалқанды шығара алмайды. Атай көмекке әжейді шақырады. 

Әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, арлы-берлі тартады, бірақ тағы да оны орнынан қозғалта да алмайды. Әжей көмекке кішкентай немере қызын шақырады. 

Немересі әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары-бері тартқылайды бірақ, тағы күштері жетпей шығара алмайды. Бір уақытта кішкентай немере қызы итін шақырады.

 Ит кішкентай қыздың етегінен, немере қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары -бері тартады. Бұл жолы тағыда шалқанды шығара алмайды.

 Бұл жолы ит көмекке мысықты шақырады. 

Мысық иттің құйрығынан, ит кішкентай қыздың етегінен, немере қызы әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап, ары-бері жұлқиды. Алайда шалқанды тағыда шығара алмайды.

 Сол кезде Мысық, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, немересі әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстайды. 

Олар қайта-қайта жұлқып тартып ақыры дегенде шалқанды суырып шығарады. 



«Халуа жауған күн» ертегісі
Мақта қыз бен мысық ертегісі (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу