Ат пен марал ертегісі (ертегі)

Oinet.kz 29-07-2019 1513

457-sohranenie-redkih-vidov-loshad-przhevalskogo-1535640474.jpg

Баяғы өткен заманда маралдың төрт көзі болған екен. 

Бұған ол мақтанып, барлық төрт аяқтылар ішіндегі ең жүйрік тек өзіммін деп санапты. Бір күні ол атқа кездесіп, былай дейді: 

Сен жақсы шабасың, бірақ жүйрік емессің, мені ешқашан қуып жете алмайсың! Неге жетпеске! — дейді ат. Қалай қуып жетесің? Үстіме адамды мінгіземін де бас қамшыны деймін, сөйтіп сені қуып жетемін! Бұған марал одан әрі күледі: 

Мені ешқашан қуып жете алмайсың, ал адам ерттеп мінсе, тіпті шаңыма ілесе алмай қаласың! Қуып жетем! — дейді ат. 

Сонымен бұлар бәстесіп, жарысатын күндерін белгілейді. 

Марал күш жинаю үшін жайылымға аттанады, ал ат адамға келіп былай дейді: Маған мініп шапшы! Маралмен жарысамын деп бәстестім!

-Жақсы, келістім! — дейді адам. 

Келісілген күні ат пен марал ашық далада бір-бірімен жарысады. 

Әуелі марал алға озып шығып кетеді, бірақ адам атқа қамшыны басып-басып жібергенде, ат оны қуып жетіп, ақырында басып озады.

 Өкініш пен ызадан марал қатты жылайды.

 Қатты жылағаны соншалық, былаудай болған төрт көзінің екеуі ағып түседі. 

Қазіргі күнге дейін барлық маралдың екі көзінің астында қалған белгі сол ағып түскен көздерінің ізі көрінеді. Ал ат осы уақыттан бастап адамның қасында қалып, оған мінсіз қызмет етіп келеді екен.

Сиқырланған кестеші қыз (ертегі)
Сауысқан және оның балапандары (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу