Қажымұқан Мұңайтпасұлының арызы

Oinet.kz 09-12-2019 1941

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевқа мен, Қажымұқаннан

Арыз

Картинки по запросу қажымұқан мұңайтпасұлы

Мен өмірімнің 55 жылын күреске арнадым. Талай рет өлім аузында болдым. Қазір жасым 75-те. Менің қазіргі тұрмыс жағдайым нашар. 10-15 әскер семьяларына көмектесем. Шәуілдір аудандық ұйымдарының маған көрсетіп отырған жәрдемі жеткіліксіз. Үнемі көрсетіп отырған жәрдемі жоқ, кейде аудандық сауда бөлімі 1-2 пұт астық береді. Сондай-ақ, маған Шаян ауданының жақын колхоздары мен совхоздары көмектесуде.

Өткен жылы мен Қорғаныс қорына 100 мың сом ақша бердім. Ал осы жылдың мартында Қорғаныс қоры үшін 3-4 гектар жерге жүгері сепкен едім. Қазір соны бес жасар ұлым екеуміз баптаудамыз.

Қазақстанның 25 жылдық мерекесіне дайындық жұмыстарында менің есімім аталмайды. Қазір маған көрші Өзбекстанға көшіп кетсем бе деген ой келеді. Мүмкін, олар тым болмағанда бір көшесін менің атыммен атар ма еді? Сондықтан да Сізден Өзбекстанға көшуіме рұқсат етуіңізді сұраймын.

26 июнь, 1945 ж.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы хат танымаған, жаза алмаған. Хатты палуан атамыздың айтып отыруы арқылы әлдебір жас жігіт жазған.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Әлкей Марғұлан. «Ажа» сөзінің мағынасы
Лашын Әзімжанова естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу