Сәкен Майғазиев жіберген арызын қайтарып алды

Oinet.kz 09-08-2021 2480

Әнші, Шымкент мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев тіркелмеген Демократиялық партия белсендісі Аружан Дүйсебаеваға түсірген шағымын қайтып алды.

Сәкен Майғазиев.jpg

- Аружанның менен кешірім сұрағанына немесе сұрамағанына мен мұқтаж емеспін. Ең бірінші қазақ халқының алдында менің жүзім жарық екенін растайтын құжат тұр. Сонда да болса осы мен Аружанды кешірдім. Қылмыстық іс бойынша жолдаған шағым-арызымды қайтып алдым. Ары қарай заң аясында құзырлы органдар істерін атқаратын болады. Мен өзім Аружанды қылмыстық іс бойынша жала жапқан әрекетін кешірдім,- деді Майғазиев.

Өткен сот отырыстарында Майғазиев өзіне қатысты түсірілген видео материалдарды жоққа шығара алатынын, алайда егер Дүйсебаева кешірім сұраса, істі тоқтатуға келісетінін айтқан еді. Алайда Демпария мүшесі бұл келісімге келуден бас тартты.

Белгілі продюсер Қазақстан мен Түркияны салыстырды (видео)
«Ұлдан озған қыздар» - апалы-сіңлілер әкелеріне көлік әперді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу