Бар-жоғы 8 айдың ішінде басшылықтың үмітін ақтадым - Сәкен Майғазиев

Oinet.kz 09-09-2021 4525

Жақында танымал әнші Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық Мәдениет үйінің басшысы қызметінен кеткен болатын. Көпшілік бұны әр түрлі жорыды. Біреулер оны "Шымкентке сыйғызбады" десе, енді біреулер "есебі берілмеген 560 млн теңгенің жыры үшін кетті" деп болжам жасады. Күні кеше Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында директор қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

"Шымкенттіктер Сәкен Майғазиевті сыйғызбады", "Елім" деп барып еді...", Өз жерлестері өзекке тепті", деген қаңқу қауесеттерді құлағым қағып қалып жүр. Мүлдем олай емес. Мен шымкенттіктеріммен мақтанам. Қол-аяғымды жерге тигізбеді. Риясыз ризалығымен, көлдей көңілімен, көкке көтерді. Шымкентте бар қасиет барлық аймақта, елде, ұлтта бар.

АЛЛАға шүкір, мен кез келген ортада өзімді суда жүзген балықтай сезінем, адам алаламаймын.

Шымкентке дейін де жоғары лауазымды қызметтер ұсынып Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда қалаларына шақырды. Мен жұмыстарымның тығыздығына байланысты бармадым. Әлі де басқа ЖОО -нан, өнер ұжымдарынан ұсыныстар көптеп келіп жатыр. Әзірге рухани, мәдени даму жолында үзіліс алып, шығармашылығымды шыңдасам деймін.

Шымкентте маған тиесілі жұмысты адал атқардым. Бар-жоғы 8 айдың ішінде басшылықтың да, ұжымымның да үдесінен шығып, үмітін ақтап үлгердім деп есептеймін. АЛЛА біледі!

2014 жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген сарайға ағымдағы жөндеу жұмысын жүйелеу, 17 адамнан ғана құралған фольклорлық ансамбльді 40 адамдық ҰЛТ аспаптар оркестріне айналдыру, сахналық костюмдермен, аспаптармен қамтамасыз ету, бірнеше бөлмелерді босатып, оркестрге, ВАА -ге, әншілерге дайындық залын жасақтау, дыбыс жазу студиясын қалпына келтіру, бізге қарасты 5 мәдениет үйі мен 5 клубтың жұмысын жаңғырту, Мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар, бірнеше сазды кештер т.б. жұмыстарды қолымнан келгенінше қорғап, ойдағыдай орындап шықтым. Маған сенім артқан Шымкент қаласының әкімдігіне, басшылығыма, ұжымыма рахмет айтамын.

Мені ешкім шығарып жіберген жоқ. Мен ешкімнен қорқып, қашып кеткен жоқпын.

"МузАРТ" тобының 20 жылдығына, "ҚАЗАҚСТАН дауысына" тәлімгерлікке шақырылған соң өз еркіммен өтініш білдірдім.

ҚАЗАҚ өнеріне керек болып, тамшыдай үйлесім болса АЛЛАға шүкір. Мен сіздерді жақсы көрем! - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Президенттің жиендері министрді ұрып тастаған
«Сағынтаев мырза, Момышұлының әруағынан аттап кетпеңіз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу