Президенттің жиендері министрді ұрып тастаған

Oinet.kz 02-09-2021 3063

Жуырда Тәжікстаннның президенті Эмомали Рахмонның туыстары елдің Денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозоданы ұрып тастағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Осыған қатысты министрдің өзі арнайы мәлімдеме жасады.

Screenshot_1.jpg

Министр президенттің туыстарынан таяқ жегенін жоққа шығарды.

 -Мұндай өсекті таратып жүргендердің өздері де байқаса болады, мен үнемі іс-сапарда жүремін және министрлікті онлайн жиындарын өткіземін. Мені осы жиында медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің барлығы да көріп отырады,-деді Ж. Абдуллозада. 

Бұған дейін «Азаттық» Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жиендері бірқатар дәрігерлер мен шенеуніктерді, соның ішінде Денсаулық сақтау министрін ұрып-соққанын хабарлаған болатын. Олар мұндай әрекетке аналары, дәлірегі президенттің туған қарындасы Курбонби Рахмонованың коронавирустан қайтыс болғаннан кейін барған. Ең көп таяқ жеген Денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозода болғанға ұқсайды. Жиендер оның бас сүйегін ұрып сындырса, Президент аппаратына қарасты медициналық орталықтың жетекшісі Холмахмада Рахимзода басынан жарақат алған. Дәрігерлердің жарақаты жеңіл болған көрінеді. 

Президенттің қарындасы 64 жастағы Курбонби Рахмонова коронавирус жұқтырғаннан кейін Президент аппаратының медициналық орталығында ем қабылдаған. Кейінірек шетелден дәрігерлер шақырылған. Олар науқас қайтыс болардан екі сағат бұрын ем-домның дұрыс жүргізілмегенін мәлім еткен. Осыдан кейін ашуға ерік берген жиендер дәрігерлер мен шенеуніктерді жаппай сабауға кіріскен. Егер араға президенттің ұлы Рустам Эмомали түсіп, ажыратып алмағанда бұл оқиғаның соңы қайғылы жағдай апарып соғуы да мүмкін болған көрінеді.

Осыдан кейін министр Жамолиддин Абдуллозода АҚШ-тың Тәжікстанға көмек ретінде 1,5 миллион доза Moderna екпесін беруіне орай өткізілген арнайы іс-шараға қатыспай қалған. Орынбасары министрдің іс-сапарда жүргенін мәлім еткен. 

Ұлжан Елмұратова мектеп директорының орынбасары болып жұмысқа орналасты
Бар-жоғы 8 айдың ішінде басшылықтың үмітін ақтадым - Сәкен Майғазиев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу