«Сағынтаев мырза, Момышұлының әруағынан аттап кетпеңіз!»

Oinet.kz 09-09-2021 3183

Screenshot_2.jpg

Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысынан метроның тағы да бір бекеті ашылмақ. Бүкіл қазақ болып "Ұйғыр ауданы" деген күбірткі атаудан құтыла алмай жатқанда "ұйғыр ұлтының мекені" ретінде елге таныс "Дружба" аты метро бекетіне берілмек. 

Ұлттардың достығы деген жақсы ғой. Бірақ, бұл "ДОСТЫҚТЫҢ" сыры тек қана қазақ пен ұйғырдың арасына сына қағады. 

Осы бір кішкентай ғана қателікпен туыс ұлттың дандайысып, "Алматы да біздің жеріміз" деп айтуына орай туғызамыз. 

Бұл метро Алты Алаштың батыры Бауыржан Момышұлының атымен аталуы керек. Біріншіден метро бекеті "ұлттар арасындағы достыққа" емес, сол көшеге тіреледі. 

241617572_4431603093549982_8495441027200577334_n.jpg

Екіншіден, Момышұлының да, Құнанбайұлының да аталмыш туыс ұлтпен қатысы болмаған. 

Ұлттар арасына қағылған сына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа һәм Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа керек пе?

Ендеше, естеріңізді жиыңыздар! Момышұлының әруағынан аттап кетпегейсіздер!

(Метро бекеті атауын Момышұлының атына беру керектігі туралы тиісті мекемелерге бірнеше мәрте хат жазылған. "Еститін үкіметіміз" "естімей" қалса керек. Ендеше, осы жазбаны қолдап, мейілінше бөлісіп жібергейсіздер!

Қанат Әбілқайырдың Facebook парақшасынан

Бар-жоғы 8 айдың ішінде басшылықтың үмітін ақтадым - Сәкен Майғазиев
Арықтан су ішкен әкім тұрғындарды таң қалдырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу