Қанипа Бұғыбаева. Күнделігінен

Oinet.kz 12-12-2019 1175

Адам бойындағы ең бір жаман қасиет жағымпаздық па деймін. Бір күнгі пайдасы үшін "Жантықтай" болып кететіндерден не дос шықпайды, не қас шықпайды. Ол адамға деген сенімің кетеді. 

Картинки по запросу қанипа бұғыбаева

Жаман арам адамды көргенде, өмір сұрықсызданып ауа жұта алмай қалғандай тұншығып, кеңдікке шығуға асығып, тезірек қасынан кетуге асығамын. Ал жаны адал, шыншыл, не болса да бетіңе айтатын, шын сөйлесетін "маскісіз" бет пердесіз сырласатын адамды қанша көрсемде, қанша бірге жүрсемде, жалықпаймын. Іздеп барғым келіп ынтығамын. Шіркін, мынау өмір сондай сирек жақсы адамдарымен ғана сұлу, әрі ыстық екен-ау! Өз көзқарасы жоқ, кім не айтса ыңғайына жығыла кететін "күнбағар" жандардың барына да, жоғына да алаңдамаймын.

Төлеген Айбергенов. Күнделігінен
Оразбек Бодықов. Шәмші Қалдаяқов туралы естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу