Тоқсын Құлыбеков. Естелігінен

Oinet.kz 13-12-2019 1331

Сатира саңлағы Тоқсын Құлыбековтің естелігінен:

Біз 8 бала екінші курстан бастап Тоқпановтан оқыдық. Тоқпановтың әр сабағы Абайдан басталатын. Асекең: "Менің бойымдағы жақсылықты ғана алып қалыңдар", — дейтін.

Картинки по запросу тоқсын құлыбеков

Тоқпанов бірде менен:

— Сен қай жақтансың? — деп сұрады.

— Талдықорғандық боламын, — дедім.

— Наймансың ба, Жалайырсың ба? — деді Асекең.

— Жалайырмын, — дедім.

— Жалайырдың игі жақсыларынан кімдерді білесің? — деді.

— Нұрмолда Алдабергенов — екі мәрте Еңбек ері, Жазылбек Қуанышбаев... Бізде, Талдықорғанда қызылшадан батыр болғандар көп қой, солардың аттарын да тізіп жөнелейін.

— Әй, атаңа нәлет, — деді бір кезде Асекең, — Ескелді, Балпықты неге айтпайсың? Сен Қабан жырауды неге айтпайсың? Сен Бақтыбай ақынды неге айтпайсың? Сенің "дважды геройларың" маған бес тиынға да керегі жоқ. Маған өкіметтің қолдан жасаған геройлары түкке қажет емес, — дегені. Содан кейін маған екі сағат Ескелді, Балпық туралы лекция оқыды. Осыдан бастап осы әулиелерді біле бастадым.

Тоқпановтың тағы бір ерлігі — 72 жасында қазіргі Жаңыл жеңешемізден егіз бала сүйді. Асекеңдер қайталанбас адамдар. Кезінде тура айтқаны үшін көп адамға ұнаған жоқ. Асекеңнің шәкірттері өткенде: "Боқтайтын да кісі кетті. Енді сіздің боқтауыңызды да сағынамыз ғой" деп еді...

Әсет Ақмоданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Әлімхан Ермеков. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы естелігінен
Райымбек Сейтметов. Театрдағы олқылықтар туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу