Құдайберген Сұлтанбаев: «Қазiргi əзiл-оспақ отаулары жауыр болған тақырыпты қайталаумен келедi»

Oinet.kz 16-12-2019 1148

Кезінде "Тамаша" əзiл-оспақ отауын ашып, оны халыққа кеңiнен танымал еткенiмiз рас. Ол кезде цензура болды. Айтарыңды ашық айта алмайсың. Соған қарамастан əрбiр қойылымда əлеуметтiк мəнi зор, көтеретiн жүгi ауыр мəселелердi қозғайтынбыз. 

Картинки по запросу Құдайберген Сұлтанбаев

Қазақ қашанда астармен сөйлеген ғой. Бiз де астардың мазмұнына үлкен мəн берiп, халықты мейлiнше емеурiнмен күлдiруге тырыстық. Сол заманның көлеңкелi тұстарын көрсеттiк. Сондықтан да болар, ел бiздi əлi күнге дейiн iздейдi, аңсайды. Дей тұрсақ та бiздiң де бiраз кемшiлiктерiмiз болды. Өйткенi халықты жеңiл де жалаң, жыртақтай күлкiге үйретiп алдық. Сондықтан ба қайдам, көрермен қауым бiзге сайқымазақ ретiнде қарайды. Бет-пiшiнiмiздi өзгертiп, қолымызды шошайтсақ та күледi. Бұған Лұқпан ағамыздан бастап, бəрiмiз кiнəлiмiз. Ал қазiргi барлық əзiл-оспақ отаулары бiз шиырлап кеткен жолды, жауыр болған тақырыпты қайталаумен келедi. Ешқайсысының өзiндiк өнерi, өрнегi жоқ...

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
Кененбай Қожабеков. Естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу