Кененбай Қожабеков. Естелігінен

Oinet.kz 16-12-2019 1234

Мені "Алты жасар Алпамыс" фильміне түсуге шақырды. Сценарийді оқып, көңіліме тоқып, гримделуге бардым. Көпті көрген, ауылдың дана қарты, бұрынғы балуан шал бейнесі көз алдыма келді. Фильмге түсер алдында гримделіп болып, айнаға қарадым. 

Картинки по запросу Кененбай Қожабеков

Сценарийдегі дана қария тұлғасына сырт пішінім ғана емес, ішкі жан дүнием, ой сезімім үйлеспейтін сияқты. Шығара алмай күлкіге қалам ба деп қорқып, күдіктене бердім. Бұл образ Қанекеме (Қанабек Байсейітов) келіп тұр деген ойда қалдым. Кенет айнадан бұрылып, жапсырған сақал-мұртымды жұлып тастап, коляскімен жүріп кеттім. Машинама мінейін деп жатқанда қалбаңдап Абдолла (режиссер) келді.

— Қайда барасың, ертең фильмді бастаймыз? — деп шылбырдан ұстап жібермеді.

— Жоқ, мен бұл образға келмеймін. Жасай алмаймын. Бұл нағыз Қанекеңнің рөлі, — деп шынымды айттым. Қанекең дегенде Абдолла ойланып қалды…

— Керек десең, ол қара шалды қазір үйіне барып машинама мінгізіп, өзім әкеп берейін, — дедім жалынып… Абдолла сонда ғана сабасына түсті.

Сөйтсем, бірдеңені білгендей екенмін, бұл қарт бейнесі экранда Қанабек ағаның асқар тұлғасымен дараланып тұрды. Бұл қайран Қанекемнің өнерде жасап кеткен соңғы бейнесі болды!

3 қазан, 1986 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Құдайберген Сұлтанбаев: «Қазiргi əзiл-оспақ отаулары жауыр болған тақырыпты қайталаумен келедi»
Мағжан Жұмабаев: «Тербетіп ұйықтату — баланы талдырып ұйықтату деген сөз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу