Кітап - білім бұлағы

Oinet.kz 01-01-2020 1397

Кітап - адамзат баласының ең бағалы қазынасы. Кітап білімнің көзі. Кітаптағы бар білім ертеден казірге дейінгі оқиғалар тізімі деп білемін. Ол ауыздан ауызға да, жазбаша турде де жетіп отыр.

Кітап - адамның сан ғасырлық ойының жемісі, тарихтың алтын сандығы.

Znalezione obrazy dla zapytania кітап

"Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік" - деп айтқан ғалымдардың сөзінен-ақ, кітап дегеннің қандай қадірлі, қандай қасиетті екенін бауқауымызға болады.

Кітап - алдыңғы ұрпақтың қазіргі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті деп білемін. Кітапты жай ғана оқып қана қоймай, өмірімізге де жарата білуіміз керек.

Адамның рухани азығы ,алар білімі - кітапта. "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" - деп айтқандай, кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең болады, жан-жақты ойлай біледі.

Кітап - сенің асыл досың. Білімнің көзі кітапта демекші, кітап оқу арқылы мәдениетті сөйлей алатын боламыз. Әр ұлттың келешегі мен болашағын паш еткен - кітап. Сондықтан әлемдегі тылсым күштер мен ғажайыптардың бәрі осы кітапқа ғана аян. Кітапта біз естіп, көріп білмеген жағдаяттар бар. Қызық емес пе?

Бір кітапты бастап оқысаң, тылсым күші бар ма, білмедім, соңына дейін оқып біткенше тағат таппайсың.

Бар білімнің сырын осы кітаптан ғана табатынымызды ұмытпайық.

Шығарма. Менің әжем (1, 2, 3, 4, 5, 6 сынып)
Шығарма. Кітап - рухани байлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу