Теңге - ұлттық валюта

Oinet.kz 01-01-2020 1449

Теңге – ұлттық валюта, Тәуелсіз Қазақстанның төл мақтанышы, экономикасының айнасы, ұлттық құндылығы. Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енгізілді. Осы күн Қазақстан Конституциясында "Ұлттық валюта күні" деп белгіленген. Теңгенің ең алғашқы партиясы Ұлыбританиядағы "Харрисон және Сонс" (H&S) шағын отбасылық баспаханасы қағаз ақшаның бірінші партиясын басып шығарды.

Znalezione obrazy dla zapytania валюта теңге

Ұлттық валюта дизайнының бас авторы - сәулетші және суретші Тимур Сүлейменов. Ең алғаш тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  1993 жылдың 12 қарашасында Ұлттық валюта - теңгені енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Араға үш күн салып, бұл күн атаулы мерекеге айналды. ең алғашқы теңгеде қазақтың ұлы ойшылдары бейнеленгені естеріңізде болар. Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті бар ақшалар кейіннен өзгертіліп, ұлттық құндылықтар бейнегенген. Бұл өзгеріс 2006 жылы орын алды. Осы өзгеріс кезінде 1-ден 100 теңгелікке дейінге ақшалар металлға ауыстырылған болатын. 

Теңге біздің төл мақтанышымыз. Расымен де экономикамызды айшықтайтын бұл құнды қағаздар еліміз үшін аса маңызды рөл ойнайтынын ұмытпаған жөн. Сондықтан ұлттық валютамыздың падалынылымнан шығып қалмай. тек биіктеп доллармен теңесуіне бірлесіп еңбек етейік.

Ұлттық валюта - теңге
Шығарма. Әнұран, мәңгі шырқал!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу