Шығарма. Әнұран, мәңгі шырқал!

Oinet.kz 01-01-2020 874

Алтын күн аспаны, алтын дән даласы... бұл шумақтар қайсыбір Қазақстанның азаматына болсын таңсық емес деп ойлаймын. Ол біздің мақтанышымыз, еліміздің тәуелсіз, дербес екендігін айшықтап тұратын ұлттық құндылық. 

Znalezione obrazy dla zapytania гимн казахстан

Әнұран елдің туы мен елтаңбасы секілді мемлекеттік символдар қатарына жатады. Әнұранды айтқан сәтте неге қолымызды жүрек тұсына қоятынымызды білесіз бе? Осылайша біз ұранымызды жүрегімізбен сезінеміз, ұлтымыздың патриоты боламыз, мақтанышы боламыз, алтын күндей аспан мен алтын дәндей даланың бізге тиесілі екендігін, оларды мәңгілік қастерлеп, құрметтеп жүру керек екендігін ұғынатын боламыз. 

Ең алғашқы әнұран КСРО кезінде 1945 жылы енгізілген екен. Намыстан жаралған әрбір қазақтың есінде болар. Сол әнұранның әнін жазған қазақтың әйгілі композиторлар мен дирижерлар Мұқан Төлебаев пен Евгений Брусиловский және де советтік композитор мен ҚазССР-дің халық артисі Латиф Хамиди.

Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы әнұраны «Менің Қазақстаным» . 2006 жылы 7 қантарда  атты әнұран Қазақстан Республикасының ресми ұлттық әнұраны болып бекітілді. Жаңа әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнұран мәтініне кейбір түзетулерді еңгізген соң, ол да әнұранның соавторы ретінде көрсетілген.


Теңге - ұлттық валюта
Мемлекеттік ту - ұлттық құндылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу