Дінмұхаммед Қонаев туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 1147

Дінмұхаммед Қонаев - құрметті тұлға, қоғам қайраткері әрі үш мәрте Социалистік еңбек ері атағының иегері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Ол 1912 жылы 12 қаңтар күні бұрынғы Верный қаласында өмірге келген. Ол өз кезегінде өте білімді азамат болған. Қатарластарының арасында қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеп, оқи, жаза білген. 

Znalezione obrazy dla zapytania дінмұхаммед қонаев

Әкесі Ахмет мемлекеттік қызметкер кісі болған. Дінмұхаммед те өз жылдарында заманының ұлы саясаткері бола білген. Ол кісі билікте болған жылдары мемлкетте қаншама қиын күндер болса да, ел ішінде толқулар, экономикада күлдіреулер болғанымен де Қонаев ел есінде қалардай елеулі істер атқарып, билікке оң өзгерістер алып келді.

1960 жылдардағы Хрущевтің құйтырқы әрекеттерімен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы да соның айқын бір дәлелі болса керек. Ал кейіннен 1986 жылы Горбачевтің келуіне байланысты ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Бұл кездер естеріңізде болса Желтоқсан оқиғасымен тұспа-тұс келген-ді.

Дімұхаммед Қонаев өзінің биліктегі ширек ғасырға жуық уақытында ел қалаулысы бола білді. Көптеген игі істер атқарып, елім деп өмірден озған азамат ретінде есімізге аламыз. Сондай қиын қыстау кезеңде халқына қолдау көрсете білген, басқа биліктегі аш қасқырлар секілді қарақан басының қамын ойлаған жоқ.

Мұндай азаматтар қашан да ел есінде. Қазірде саясаткердің атында бірнеше музей салынған, біршама көше, мекеме атауларына аты берілген қадірменді тұлға.

1 мамыр - ұлттар достығы күні
Ахмет Байтұрсынұлы туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу