Кәсіп туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 4615

Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек, - деп Ахмет Байтұрсынов жиырмасыншы ғасырдың бірінші ширегінде айтып кеткен еді. Қазірде кәсіп туралы түсінік дәл солай.

Znalezione obrazy dla zapytania кәсіп

Кәсіп түбі нәсіп. Атаңнан аманатқа кәсіп алып, соның дөңгелетіп отырғанға не жетсін. Қолыңнан күбі пісу келсе де қарын тойдырар кәсіп екен. Бұрындары қазақтар не жұмыс істейсің? деп емес, не кәсіп етесің деп сұраған екен. 

Мал шаруашылығы біздің елде атам заманнан қалған құнды кәсіп түрі.  Қазақтарда не бюар соны кәсіп еткен, қарап отырмаған. Мал асырау, оны үйірге үйрету де адам әбігерлейтін іс екен. Қазақтар мал бағамын деп, көшпенді атанған екен. 

Қазір кәсіптің неше атасы бар. Кәсібімді бастаймын, ашамын дегенге бөгет жоқ. Қолыңнан бір шеберлік келсе, қанекей! Етік тігу, егін егу, дүкен ашу кәсіптері қазір ел ішінде кең тарады.

Болашағын, ұрпағын ойлаған адамзат кәсібін ертеңге қалдырмай, бүгінгі күннен бастағаны абзал. Бүгінде елімізде кәсіпкерлер аса жоғары бағаланады. Кәсіпкерлерге барынша мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Кәсіп - сенің бүгінің және ертеңің.

Ашаршылық жылдары туралы шығарма
Кітапхана туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу