Туған жерге тағзым. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 1347

Ауылды аңсап, сағынып жүрем,

Туған жерімді бағым деп білем.

Кіндік қаным тамған сол жерге,

Тағзым етемін, басымды ием. 


Туған жердің топырағы ыстық,

Ат басын бұрып ауылға түстік.

Жұпар иісті ауасын жұтып,

Жайлауға шығып қымызын іштік.


Жоқшылық кезең өтті ғой бастан,

Қиын көрдік сол бала жастан.

Тәуелсіздікке қол жетті, міне,

Ол жайлы талай жазылар дастан.


Қасиетті менің мекен-жайым,

Қадірлісің күн өткен сайын.

Сағыныш сезім оянған сайын,

Өзіңе менің ән-жырым дайын.

Өнерлі өрге жүзеді
Қыз іздеймін анамдай. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу