Қыз іздеймін анамдай. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 1903

Похожее изображение

Өмір деген сәт екен-ау, қас-қағым,

Сырғып уақыт, өтіп жатыр жас шағым.

Дәл бүгіннен босқа жүрмей ендігі

Мен өзіме жар іздеуді бастадым.


Уақытша емес, мен мәңгілік бақты ойлап,

Үмітімді үзілдірмей нақ бойдан.

Кездестірдім ең ғажайып аруды,

Бірақ...оны әкем пысық ал(ып) қойған.


Жар іздеймін үйленуге қарағым,

Ибалы боп, нұрға толсын жанары.

Сыйлай білсе, ата-анамды, мені де,

Және иманды осы ғана талабым.


Бақытыма осындай қыз керек деп,

Жүрер едім елден ылғи бөлектеп.

Ааа, айтпақшы, тұрса тағы үнемі

Үйге қарай асығуға себеп боп.


Ертеңіме жүрмін қазір алаңдай,

Кезігер деп, сірә, ару, маған қай?

Ойланбастан үйленемін егер де

Қыз жолықса анамдай.


Жар іздедім, келгеннен соң фәниге, 

Ие болар және дағы әрі үйге.

Тауып жатсам, сүйіп өтем мәңгілік,

Анамнан соң әрине..!

Тимур ЕРДОСҰЛЫ

Туған жерге тағзым. Өлең
Зар заман ақындары туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу