Қош бол, мектебім. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 2504

Мектебім - білім бұлағы,

Ойымнан кетпей тұрады.

Жайқалып өскен қашанда,

Білімнің әсем құрағы.


Ұядан ұшып барамын,

Бір биіктерге қонармын.

Жолың болсын, достарым,

Хат жазысып тұрармын.


Кешегі ұл-қыз, баламыз,

Шәкірттерін боламыз.

Тәрбие алып сіздерден,

Білім жолын қуамыз.


Қош бол, алтын бесігім,

Білімнің ашқан есігін.

Іздене берсек ғылымының,

Табармыз барлық тетігін.

Ұстаз туралы өлең
Өмірді сүю туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу