Сүндет той. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 3931

Құтты болсын сүндет той,

Мұсылманға міндет қой.

Парызыңды өтеп бергенің,

Ұрпағыңа құрмет қой.


Сүндет - тойдың үлкені,

Армандайсың, өйткені.

Тойдың басы, осы той.

Бастап берсін жұрт кәні.


Той дегенде қу бастар домалайды,

Өлең деген бекерден құралмайды.

Тойдың аты шарықтар қашандағы,

Қолға үйретіп, баққандай құралайды.


Жас бала жігіт болып атқа қонды,

Мінгенде ат үстінде қоржын болды.

Көрімдік деп ақшаны салып жатыр,

Елдің ұл құрметіне көңілі толды.

Серік Дербісбаев

Алыпсатар. Өлең
Бөбегім. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу